KazNARU

ҚазҰАЗУ мен ҚЫТАЙДЫҢ ТАРЫМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАЙЛАНЫСЫ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ КӨТЕРІЛДІ

2023 жылғы 10 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қытайдың Тарым университетінен арнайы делегация келіп, оқу орнымыздың қызметімен, білім беру және ғылыми зерттеулер бойынша жетістіктерімен танысып, университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Тарым университетінің Қытай Компартиясы ұйымдық комитетінің хатшысы Жао Гуанхуй бастаған делегация құрамында ТУ Ғылыми-зерттеу бөлімі директорының орынбасары Ни Шангианг, ТУ Ауылшаруашылығы колледжінің деканы Ван Сумей, ТУ халықаралық қызмет және академиялық алмасулар бөлімі директорының орынбасары Суо Чиаофей болды. Олар өздерінің келу мақсаттарын түсіндіре отырып, екі ЖОО арасында орнаған берік қарым-қатынастың алдағы кезде де жалғаса беретініне сенім білдірді.

✅ ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов өз сөзінде қытайлық ғылыми-білім беру мекемелерімен академиялық ұтқырлықты дамыту, профессор-оқытушылар құрамының, ҒЗИ ғалымдарының ғылыми тағылымдамалар аясындағы ынтымақтастық кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Кейінгі кезеңде ҚазҰАЗУ Қытай аграрлық университетімен, Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен, Хэнань ауылшаруашылық университетімен, Шихэзи университетімен, Шаньдун ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясымен, Лан Джоу ветеринарлық ғылыми зерттеулер институтымен және басқа білім беру ұйымдармен бірлескен бағдарламаларды табысты жүзеге асыруда. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде университетіміздің базасында «Қазақ-Қытай орталығы» құрылды. ҚазҰАЗУ-дың озық қытай технологияларына бағдарлануын күшейтуге, білім беру сапасын арттыруға, технологиялар мен инновациялардың перспективалы коммерциялық нарығына шығуға жаңа мүмкіндіктер ашылды.

✅ «Біздер Тарым университетімен де серіктестік ынтымақтастық орнатып, халықаралық бағдарламалар бойынша жоғары білімнің әлеуетін арттыру жобаларын сіздермен бірлесе жүргізіп келеміз. Осы мақсат аясында біздің 13 ғалымымыз Тарым университетінде болып, ал шетелге танымал ғалым, ұзақ жылдар бойы жылқы түлігін зерттеп жүрген Гымиңгүл Мұқантайқызы биыл бізге келіп, зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Құрметті Жао Гуанхуй мырза, осы орайда Сіздерге белгілі ғалымдарды қолдап, өзара тәжірибе алмасуға жібергендеріңізге университет басшылығы атынан рахмет айтамыз. Өзара ынтымақтастығымыз бұдан да жаңа биікте дами берсін», - деп атап өтті Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Тараптар алдағы уақытта оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер алмасу, білім алушылар арасындағы академиялық ұтқырлықты дамыту, профессорларды дәріс оқуға және практикалық сабақтар өткізуге шақыру, оқу-әдістемелік жұмыстар мен ғылыми жобалар бойынша ақпарат алмасу, ғылыми практикалық жұмыстарды бірлесе жалғастыру туралы келісті.

✅ Тарым университетінің делегациясы кездесу барысында Өсімдіктерді микроклональды көбейту зертханасында, Қазақстан-Жапон ғылыми зерттеу орталығында, Тамақ өнімдерінің технологиясы мен сапасының ғылыми-білім беру инновациялық орталығында болып, сондай-ақ факультеттердегі оқу процестерімен таныса келе ҚазҰАЗУ-дың ғылыми-білім беру әлеуетіне жоғары баға берді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник