ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ МЕН ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
2023 жылғы 10 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студент жастары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, лудомания, есірткі саудасы және нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша Алматы қаласы құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу болып өтті.
✅ Шараға ҚазҰАЗУ Тәрбие жұмысы бойынша департамент директоры Асима Ералиева, Студенттік омбудсмен Мақсат Иманбеков, академиялық топ кураторлары, университет мамандары, факультет декандарының орынбасарлары мен студент жастар қатысты.
Кездесудің модераторы – ҚазҰАЗУ Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Әшірәлі Сманов.
✅ Құқықтық маңызы зор іс-шарада Алматы қаласы ІІД Есірткі саудасымен күрес басқармасының аға жедел өкілі, полиция майоры Дәурен Көбеев; Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел өкілі, полиция капитаны Бексұлтан Бисенев; Медеу ауданы прокуратурасының прокуроры, 2 сыныпты заңгер Олжас Марат; Медеу ауданы прокуратурасының прокуроры Әлия Ильясова; Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы Анна Трубникова; Медеу ауданының учаскелік инспекторлары Жасұлан Омаров пен Ислам Қожақметов өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға сала отырып, күн тәртібіндегі тақырыптар аясында сөз сөйледі.
✅ Спикерлер университет қабырғасында білім алып жүрген студент жастарды саналы, тәрибелі ұрпақ болуға шақыра отырып, оларды кездейсоқ құқық бұзушылықтан, алаяқтық пен құмар ойындарға тәуелділіктен бойды аулақ ұстауға шақырды.
Сонымен қатар, кездесуде құқық қорғау өкілдері қоғамға үлкен қауіп төндіретін нашақорлық пен есірткі тарату көріністеріне қарсы күрес мәселесіне баса назар аударып, жастар арасында синтетикалық заттардың таратылуына жол бермеуге үндеді. Әлеуметтік салдары ауыр осындай құқық бұзушылықтардан сақтандыра отырып, оның алдын-алу шаралары мен амалдары түсіндірілді.
✅ Білім алушылардың назарына тақырып бойынша презентациялар мен бейнероликтер ұсынылды, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді.
Студент жастар үшін өте маңызды, әрі тәрбиелік тұрғыдан пайдалы өткен іс-шара Алматы қаласы жастар саясаты басқармасымен бірлесе ұйымдастырылды.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.