KazNARU

ҚазҰАЗУ-ға «ҰАҒБО» КеАҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ КЕЛДІ

2023 жылғы 12 қазанда ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Қасенов жұмыс сапарымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне келді. Кездесуге университет басшылығы мен факультет декандары қатысты.

✅ Кездесу аясында Бауыржан Қасенов және ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы- Ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті Ахылбек Күрішбаев НАНОЦ қызметінің халықаралық стандарттарына сәйкес бірлесіп іске асырылатын жоспарларыы мен міндеттерін, оның ішінде, АӨК ғылыми және кадрлық әлеуетін, еншілес ұйымдардың жұмысын, аграрлық ғылым мен білімнің өндіріспен байланысын, цифрлық технологиялық инновациялар мәселелерін талқылады. 

ҚазҰАЗУ басшысы келген қонақты университеттің бүгінгі жетістіктерімен, ғылыми-білім беру инфрақұрылымымен және жаңа ғылыми инновациялармен таныстырды. 

✅   «Қазіргі уақытта мемлекеттің күш-қуаты және оның халықаралық аренадағы беделі ғылыми-техникалық жетістіктермен өлшенеді. Ғылым, техника және инновацияларды дамыту кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта «зерттеу» университетінің мәртебесі бар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің даму ерекшеліктерін көргеніме қуаныштымын. Университеттің барлық ғылыми қызметкерлері жаңа талаптарды ескере отырып, халықаралық серіктестермен бірге ғылыми ізденістерге одан ары кеңінен тарту жұмыстарын белсенді жүргізе беретініне сенімдімін", - деп атап өтті Бауыржан Қазыбекұлы. 

✅  Іс-сапар нәтижесі бойынша «ҰАҒБО» Басқарма Төрағасы университеттің ғылыми-өндірістік қызметіне оң баға берді және аграрлық ғылым мен білім беруді одан әрі дамыту мақсатында бірлескен қызметте қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. 

ҚазҰАЗУ баспасөз

қызметі.


---------Chatbot---------
виртуальный помощник