KazNARU

ҚазҰАЗУ мен NWA&F UNIVERSITY (ҚХР) ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ

2023 жылғы 14 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (NWA&F University) делегациясы келіп, университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Делегация құрамында NWA&F University проректоры, топырақтану биологиясының профессоры Гехонг Вэй, университет Қаржы бөлімінің басшысы Шихун Чжуан, NWA&F University Зоотехника және технология колледжінің Төрағасы Цзюньхуэй Цао, NWA&F University Жайылым және жайылымдар ғылымы колледжінің Кеңес төрағасы Ронг Су, NWA&F University Ветеринария медицинасы факультет деканының орынбасары, профессор Юн Хуан, университет Халықаралық бөлімі директорының орынбасары Юфэн Цзоу болды.

✅ Кездесуді ашқан ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д. Пірімқұл Ибрагимов ҚХР ғылыми-білім беру мекемелерімен арадағы ынтымақтастық аясы кеңіп келе жатқанын жеткізе отырып, бүгінгі кездесудің мақсаты екі университет арасындағы жұмыстарды одан ары тереңдету екенін атап өтті.

«Біздер біраз жылдан бері Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен тығыз байланыста қарым-қатынас жүргізіп келеміз. Осы кезең аралығында білім беруді интернационалдандыру, ғалымдардың ғылыми әлеуетін нығайту, тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми және жобалық зерттеулер жүзеге асырылуда. Біз өз тарапымыздан білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктерін бірлесе игеруге және отандық агроғылымды сіздермен бірге жаңа деңгейге шығаруға дайынбыз», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Өз кезегінде NWA&F University проректоры, топырақтану биологиясының профессоры Гехонг Вэй Қытайдағы алдыңғы қатарлы көшбасшы ЖОО-ның бірі саналатын университетте барлығы 25 факультет бар екенін, оларда ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, инженерия, мал дәрігерлігі, менеджмент, заң, экономика сияқты т.б. бірқатар бағытта қажетті мамандар даярланатынын жеткізді.

✅ Тараптар Қытайда қолданылатын инновацияларды Қазақстанда пайдалану, мамандар мен студенттердің білім алмасуы, биотехнология, экология, ауыл шаруашылығы, су ресурстары ғылымдары бойынша бірлескен жұмыс жасауды ұсынды.

✅ NWA&F University университетінің делегациясы кездесу барысында ҚазҰАЗУ-дың инфрақұрылым жүйесімен таныса келе, ғылыми-зерттеу және білім беру әлеуетіне жоғары баға берді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник