ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Көп жыл бойы коммерциялық құрылымдар пайдаланып келген №6 студенттік жатақхананы университет өз күшімен қайтарды. Толық жөндеуден өткізіліп, 280 студент орналасты.
Профессор-оқытушылар құрамының жалақысы жыл басынан бері кезең-кезеңімен 100 пайызға көтерілді.
Студенттерді қолдау мақсатында арнайы «СТУДЕНТ» әлеуметтік дүкені мен аптека ашылып, жұмыс істей бастады. Баға 15-20 пайызға төмен.
«Қазақстан» телеарнасы,
ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қазан 2023 ж. сағ 20-00