ҚазҰАЗУ ЖАС МАМАНДАРЫНА ФРАНЦИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР БЕРНАРД ФАЙЕ ЛЕКЦИЯ ОҚЫДЫ
Франция Халықаралық даму ауыл шаруашылық зерттеу орталығының профессоры, ғалым Бернард Джоаннес Файе Қазақстанға 1998 жылдан бері тұрақты келіп кеңесшілік қызмет көрсетеді.
Бұл жолы Бернард Файе ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шақыруымен ҚазҰАЗУ «Ветеринария» факультетінің PhD докторантарына, жас мамандар мен магистранттарға эпидемиология және экопатология зерттеу методологиясы бойынша бір айлық дәріс оқыды.
Бернард Файе Лион (Франция) ұлттық ветеринарлық мектебінің түлегі. Негізі ғылыми зерттеу бағыты түйе түлігін зерттеумен айналысады, қазіргі уақытта мал шаруашылығы бойынша тәуелсіз халықаралық сарапшы, ФАО кеңесшісі. 1974 жылы Лион ветеринария саласындағы PhD дәрежесін алған, 1995 жылы жануарлар эпидемиологиясы бойынша PhD (Париж университеті), содан кейін 1998 жылы хабилитацию (HDR) дәрежесін алған.
7 кітаптың, әртүрлі ғылыми басылымдардығы 30-дан астам тараудың және 900 ғылыми зерттеу еңбектің авторы. Индекс хиршасы – 40. Импакт факторлы жорналдарда (Scopus) 380-мақаласы жарық көрген.
Француз ветеринарлар академиясы мен Chevalier de Merit Agricole (Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы ең жоғары атақ) орденімен марапатталған.
Ол Қазақстан Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі (ННС) оның ішінде Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыты бойынша сарапшы.
Бернард Файе «Ветеринария» фаультетінің 35 оқытушысына ғылыми жобалар дайындау туралы, әлемдік үздік журналдарға ғылыми мақала дайындау және биостатистика жөнінде оқытушылардың кәсіби біліктілігін жоғарылату тақырыбында біліктілік курсын өткізді. Және 1 курс PhD докторанты Қарылғаш Зикибаеваның шет елдік ғылыми жетекшісі болып тағайындалды.
«Профессор Бернард Файенің ғылыми сала бойынша ғылыми жобалар әзірлеу, ғылыми мақалаларды дұрыс дайындау, өзекті ғылыми проблемаларды іздеп табу туралы маңызды ақыл-кеңесін берді. Ғалымның тәжірибе алмасу бағытындағы өткізген лекциялары мен семинарлары біздің жас мамандар, магистранттар, PhD докторантар үшін өте пайдалы болды», - дейді «Ветеринария» фаультетінің деканы, в.ғ.к., профессор Гүлмира Алпысбаева.
Бернард Фойе өзінің қорытынды лекциясында PhD докторанттары мен жас оқытушыларға 72 сағаттық курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табыстады.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі