KazNARU

ҚазҰАЗУ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН МЕҢГЕРУГЕ КӨМЕК БЕРЕТІН ЖАҢА ЭДВАЙЗЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Эдвайзер (Advisor) - тиісті білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының академиялық тәлімгері қызметін атқаратын, оқыту траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын меңгеруге жәрдемдесетін оқытушы.

✅ Оның қызметін оқытушының кәсіби қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастырып, университетіміздің профессор-оқытушылар құрамындағы 33 эдвайзерге 36 сағат көлемінде біліктілігін жетілдіргені үшін сертификат табысталды.

✅ Сертификаттарды ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары Қайырбаева Айнұр Елтайқызы табыстап, эдвайзерлердің жұмысына сәттілік тіледі және ары қарай оқу үдерісін жетілдіруге белсенділікпен атсалыса берулерін сұрады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник