KazNARU

АЛМАТЫДА ЖЕМДІК ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ТҰҚЫМЫН ШЫҒАРАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Бүгін, 2023 жылдың 27 қазанында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ базасында жемдік дақылдардың жоғары сапалы тұқымын шығаратын инновациялық орталықтың ашылуы болды.

Жобаны «Ғылым қоры» АҚ қаржыландырды және жұмыс ғылыми жетістіктерді өндірісте коммерцияландыруға бағытталған. ҚазЕӨШҒЗИ-де шығарылған жемдік дақылдарының сорттары мен будандарының өндірілген түпнұсқалық және элиталық тұқымдары еліміздің шаруашылықтарына енгізілетін болады.

✅ Тұқым шаруашылығы орталығының ашылуына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті, ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы - ректоры Ақылбек Күрішбаев бастаған ғалымдар мен өндіріс қызметкерлері қатысты.

✅ Еске сала кетейік, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрамына биыл еліміздегі 6 ірі ғылыми-зерттеу институты мен бір тәжірибелік шаруашылық берілген болатын. Олардың қатарында ҚазЕӨШҒЗИ да өз тәжірибелік шаруашылығымен бірге қосылды. Университеттердің дәл осындай классикалық моделі ғылым мен білімді дамытудың ұлттық стратегиясының басты басымдығы бола алады.

✅ Бүгін Инновациялық орталықтың ашылуынан кейін ҚазЕӨШҒЗИ мәжіліс залында белгілі ғалымдар мен мамандар ауыл шаруашылығы ғылымы мен жоғары білімінің өзекті мәселелерін талқылады.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник