KazNARU

Мемлекет басшысы 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Қарағанды облысы Костенко көмір шахтасындағы алапат өрт туралы суыт хабар қабырғамызды қайыстырды.
Апат болған кезде шахтада 252 адам болған. Сыртқа 205 кенші шығарылған. Опат болғандар бар. Жер астындағы кеніште әлі де ондаған адам қалған.  

Осыған байланысты ел Президенті апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсетілетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Біздер, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы Мемлекет басшысының шешімін қолдай отырып, 
қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен туған-туыстарына көңіл білдіреміз.

Зардап шеккен қарағандылық азаматтармен біргеміз!

ҚазҰАЗУ ұжымы.

(фото КТК сайтынан)

---------Chatbot---------
виртуальный помощник