30 ЖЫЛДА АЛҒАШ РЕТ ҚазҰАЗУ-де СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАТАҚХАНА САЛЫНБАҚ
Өкінішке орай, соңғы жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға тиісті көңіл бөлінбеді. Оның орнына жоғары оқу орнының көптеген нысандарын жеке тұлғалар жекешелендіріп алды, университеттің студенттік жатақханалары мен оқу ғимараттарында жылдар бойы күрделі жөндеу жүргізілмеді.
✅ Қазіргі уақытта университетке заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары басталды.
Мысалы, №6 студенттік жатақхана оқу ордасының тұрғын үй қорына қайтарылды және қосымша 280 студент жатақханадағы орындармен қамтамасыз етілді. Жақын арада күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №3 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.
✅ Ең бастысы, қазіргі заманғы стильде салынатын 450 орындық жаңа 9 қабатты студенттік жатақхананың құрылысы ү.ж. қараша айының басында мемлекеттік – жекешелік әріптестік негізінде отандық инвесторлардың қолдауымен басталады. Ғимараттың жалпы ауданы 6 714,3 ш.метр.
Сонымен қатар, жатақханада студенттерге қызмет көрсететін, ауданы 398,2 ш.метрлік Медициналық орталық тұрғызылмақ,
✅ Осы ауқымды жобаның нәтижесінде, ҚазҰАЗУ Алматы қаласындағы өз студенттерін жатақханадағы орындармен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет атанды.
Жоғарыда көрстеліген ҚазҰАЗУ-дың жетістіктері – Жаңа Қазақстан жағдайындағы ұжым қызметінің атқарған жарқын мысалдарының бірі.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.
Суретте: болашақ жатақхана