KazNARU

ҚазҰАЗУ QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS: ASIA 2024 РЕЙТИНГІСІНДЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА 6-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

2023 жылдың 8 қарашасында QS Quacquarelli Symonds, жоғары білім саласындағы жаһандық талдау Агенттігі «QS World University Rankings: Asia 2024» әлемдік рейтингінің жаңа кезеңінің нәтижелерін жариялады.

Биылғы жылы Азия рейтингісі оның қатысушыларының саны бойынша ең үлкен ауқымды көрсеткішке ие болды: 25 елден 856 жоғары оқу орны қатысса, оның ішінде 148-і рейтингке алғаш рет еніп отыр.

✅ 34 қазақстандық жоғары оқу орны 2024 жылғы Азияның үздік университеттерінің рейтингісіне енді, бұл рейтингтің шығу тарихындағы еліміздің жоғары білімінің абсолютті рекорды болып табылады.

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті өткен жылмен салыстырғанда 7 позицияға көтеріліп, 155-орынға тұрақтады және Орталық Азиялық жоғары оқу орындары арасында 6-орынға ие болды.

✅ QS Asia университеттерінің рейтингісі жыл сайын жарияланады және Азияның ең үздік университеттерін қамтиды. 2024 жылғы рейтингтер академиялық бедел, жұмыс берушінің беделі, студенттердің үлесі, халықаралық зерттеу желісі, дәйексөздер, докторлық дәрежесі бар штат құрамы, халықаралық оқытушылардың үлесі және шетелдік студенттердің үлесі, келу және бару алмасуы, студенттердің арақатынасы сияқты бағыттарды қоса алғанда, 11 маңызды көрсеткіш негізінде анықталды.

✅ ҚазҰАЗУ ұжымын осынау жоғары нәтижемен құттықтаймыз және сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник