KazNARU

«ҚЫЗЫҚТЫ КӨҢІЛ – СТУДЕНТТІК ӨМІР»

Кеше Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті басшылығының қолдауымен Акт залында алдағы 17 қараша - Халықаралық студенттер күніне орай, жайдарманшылардың «Қызықты көңіл – студенттік өмір» атты маусымашар ойындары болып өтті. 

Факультетаралық бұл қызықты ойындар – студенттердің ой-өрісін өсіретін, сөйлеу мәнері мен пікірді жеткізу, сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, қимыл түрлерін меңгеру арқылы жастардың қабілеттерін шыңдайтын сахналық өнердің бір түрі. 

✅ Сайысқа қатысқан барлық командалар өздерінің мамандықтарына деген сүйіспеншілікті жеткізе отырып, орындаушылық шеберліктерін, бойларындағы таланттарын жан-жақты қырынан көрсете білді. 

Өнерлі студенттердің ойындарына университеттің Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Әшірәлі Сманов бастаған Әділқазылар алқасы төрелік жасап, жеңімпаз жастарды анықтауда барынша әділ болуға тырысты. 

Нәтижесінде жүлдегерлер төмендегідей орындарды иеленді:

✅ «Бизнес және құқық жоғарғы мектебі» факультеті «Жаңа Аграрка Сарбаздары (ЖАС)» жайдарманшылар құрамасы - I орын және 50 000 теңгелік Сертификат;

✅ «Агробиология» факультеті «БАЛ» жайдарманшылары - ІІ орын және 40 000 теңгелік Сертификат;

✅ «Су, жер және орман ресурстары» факультеті «52 Герц» жайдарманшылар құрамасы - III орын және 30 000 теңгелік Сертификат;

✅ «Агробиология» факультеті «БАЛ» жайдарманшылар құрамасының ойыншысы Бейбіт Нұрайға «Үздік ойыншы» және 15 000 теңгелік Сертификат тапсырылды. 

✅ «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультеті «MADEN TIB»; «Инженерлік-техникалық» факультеті «СХИ перваштары»; «Су, жер және орман ресурстары» факультеті «GOODBYE» және «Ветеринария» факультеті «Favorite» жайдарманшылар құрамаларына “Almaty clinic” медициналық орталығы қолдау көрсетіп, демеушілік жасап, 4 команаданы 15 000 теңгелік Сертификатпен марапаттады. 

Жеңісті де, жемісті күндеріңіз көп болсын!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник