KazNARU

ҚазҰАЗУ БАСШЫЛЫҒЫ АУҒАНСТАН ИСЛАМ ӘМІРЛІГІНІҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

2023 жылы 13 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Басқарма Төрағасы-Ректорының м.а. Пірімқұл Ибрагимов Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Алматы қаласындағы Бас Консулдығының өкілі Амири Ахмед Фавадпен кездесті.

Кездесуге Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары Айнұр Қайырбаева, Халықаралық қатынастар мен стратегиялық даму проректоры Рафис Абазов, факультет декандары және Халықаралық офистің жетекшісі мен менеджерлері қатысты.

✅ Өз сөзінде ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-Ректорының м.а. Пірімқұл Ибрагимов Ауған елімен арада университетіміздің ынтымақтастық қарым-қатынасы даму үстінде екенін және осында білім алып жатқан ауғандық студент жастар қатары жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда «Ветеринария», «Агробиология», «Инженерлік-техникалық», «Су, жер және орман ресурстары» факультеттері мен «Бизнес және жоғары құқық мектебінде» 81 ауған азаматы оқып, білім алуда. Оның ішінде: 16 магистр, 35 бакалавриат, 30-ы дайындық курсында оқиды.

✅ Кездесуде студенттердің оқу үлгерімдері мен білім сапасы, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері, білім алушылардың университеттің ішкі кағидаларын орындау талаптары, міндеттері, жатақханалардағы тұру ережелері, шетелдік азаматтардың ҚР-на келіп-кетуі, тіркелуі сияқты ережелерді орындау мәселелері сөз болды.

Тараптар болашақта өзара қарым-қатынасты одан ары дамытып, Ауған студенттеріне білім беру аясын кеңейту бағытындағы жұмыстарды екі ел арасындағы келісімге сәйкес бірлесе жүргізуге уағдаласты.

✅ Шара соңында Ауғанстандық дипломат Амири Ахмед Фавад өздерін толғандырған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап қайтарғаны және жылы қабылдағаны үшін университет басшылығына алғысын білдірді.

ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник