ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАЛАРЫН ҒЗИ БАЗАСЫНДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
6В08101 - «Агрономия» білім беру бағдарламаларының күндізгі оқыту нысанында мемлекеттік білім беру гранты және ақылы келісім шарт негізінде оқитын 4 курс студенттері оқу процесінен қол үзбей, академиялық күнтізбеге сәйкес, өндірістік практикаларын Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС базасында жалғастыруда.
✅ Студенттердің күнделікті тәжірибе өтетін орнына барып келулеріне университет басшылғы тарапынан автокөлікпен қамтамасыз етілді, институтта да тәжірибеден өтуге барлық жағдай жасалды
Білім алушылар ҚазЕжӨШ ҒЗИ ауылшаруашылық дақылдарының гендік қор, өсімдіктер биотехнологиясы, физиологиясы, биохимиясы және өнім сапасын бағалау, дәнді дақылдар, жаздық және факультативті бидай тобы, жемдік дәнді дақылдар, дәндібұршақ дақылдар және жүгері, майлы дақылдар зертханаларында түрлі тәжірибелік жұмыстарға қатысып, кәсіби дамудың әдістерін меңгеруде.
✅ Практика өту барысында студенттер көрген-білгендерін күнделік-есептеріне толтырып, соңынан осы меңгерген іс-тәжірибеслерінің қорытындысы туралы толық есеп береді.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі