АҚШ НЕБРАСКА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (WSL) ПРОФЕССОРы ДАНИЭЛЬ СНОУ ҚазҰАЗУ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
2023 жылдың 20 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы Небраска университетінің профессоры Даниэль Сноумен кездесті. Кездесуге университет басшылығы, факультет декандары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
✅ Осыдан бір ай бұрын, Небраска университетінің университетінің өкілдері профессорлар Эндрю Зимброф және Бреннан Костелло Алматыға келіп, екі университет арасындағы әріптестікті дамыту мәселелерін талқылаған болатын. Бүгінгі кездесу сол келісімінің жалғасы.
✅ ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов Небраска университетімен бірлесе агросектор саласына білікті мамандар даярлау барысында американдық ғылымның жаңашыл жетістіктерін пайдалана отырып, бірлескен оқу-білім беру, екі дипломды бағдарламалар енгізу және докторанттарды бірлесе дайындау сияқты нақы іс-шаралардың қабылдануына мүдделі екенін білдірді.
✅ Профессор Даниэль Сноудың айтуы бойынша, Небраска университеті 1869 жылы ірге тасы қаланған, АҚШ-тағы Омаха, Керни қалаларында кампусы бар ежелгі университет. Линкольн кампусында архитектуралық, заң, адам ресурсы мен отбасы туралы ілім колледжі сияқты 9 колледжі жұмыс жасайды.. Ғылымның көптеген саласы бойынша докторлық, магистрлік, бакалавр дәрежесін дайындайды. Омаха кампусында университеттің медициналық орталығы бар. Керни кампусында тек бакалавр дәрежесі бойынша оқытылады. Университет: агротехнология, автоматтандыру, роботтандыру және ауыл шаруашылығын цифрландыру, биохимия, азық-түлік өнеркәсіп технологиясы, ауылшаруашылық. бойынша зерттеулер жүргізеді.
✅ Бұдан кейін профессор Даниэль Сноу университеттің бірінші курс докторанттарымен кездесіп, арнайы лекция оқыды. Сонымен қатар, ол Небраска университетінің Португалиядағы университетпен бірге екі дипломды бағдарламаларды жүзеге асыру туралы тәжірибесін ортаға салды.
Профессор Даниэль Сноу 1990 жылдан Небраска университетінің зертхана менеджері. 2003 жылдан бастап WSL директоры қызметін атқара отырды. Оның WSL-дегі жұмысының көп бөлігі жаңа немесе «пайда болатын» қоршаған ортаны ластаушы заттарды, соның ішінде пестицидтердің жаңа кластары, фармацевтика, балдырлар токсиндері, стероидты гормондар және тіпті қоршаған орта үлгілеріндегі жарылғыш заттарды талдау әдістерін жасаумен байланысты. Доктор Сноу экологиялық мәселелер мен процестерді зерттеу үшін индикатор ретінде тұрақты және радиоактивті изотоптарды өлшеудің және пайдаланудың жаңа әдістерін әзірлеуге жетекшілік етеді.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі