Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) идеялары университетімізде жүзеге асырылмақ
2023 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Қазақстан Республикасындағы Байланыс және серіктестік кеңсесінің ұйымдастыруымен БҰҰ-ның Алматыдағы кеңсесінде «Шағын және орта инвестициялық ұсыныстардың бизнес-жоспарларын құрастыру және талдаумен таныстыру» тақырыбындағы Ruralinvest тренингінің ашылу салтанаты болды.
✅ 2023 жылдың 20-25 қарашасында 6 күндік Ruralinvest тренингін өткізу орны ретінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті таңдалған болатын. Ruralinvest бұл ауыл шаруашылығындағы шағын және орта дәрежедегі инвестициялық жобаларды дайндап, бағалау жөніндегі тәжірибеде сыналған нақты инструменттің бірі. Қандай инвестициялық жобалар неғұрлым жақсы пайда әкеледі? Инвестиция тұрақты болу үшін не істеу керек? Жергілікті жерлерде жобаларды қаржыландыруға бөлінетін несиелерге қол жеткізудің жолдары қандай? - дейтін сауалдарға жауап іздейді.
✅ Ruralinvest тренингінің ашылу салтанатында ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары Қайырбаева Айнұр Елтайқызы сөз сөйлеп, осындай ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандардың қаржылық сауатын көтеруге бағытталған маңызды тренинг ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
✅ Аталмыш тренингтің нәтижелерінің бірі ретінде 2024-2025 оқу жылында «Ауыл шаруашылығына инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» және «Қолданбалы модельдеу және талдау бағдарламалары» курстары аясында «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің білім алушыларына оқу бағдарламасы таңдау компоненті ретінде Ruralinvest құралын енгізу болып табылады.
Сонымен қатар, «АНК» АҚ қызіз университетіміздеметкерлері шаруалар несие алуға өтінім берген кезде Ruralinvest қосымшасын іс жүзінде пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Бұл тренингке университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы қатысуда. Осылайша, ҚазҰАЗУ ұжымы ФАО-ның осы білім беру идеясын белсенділікпен жүзеге асыруда.
Жоғарыда атап өткеніміздей, Ruralinvest тренингі оқу ордамызда бір апта бойы жүргізіледі.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі