ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА ШЕҢБЕРІНДЕ ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
2023 жылғы 23 қарашада АҚШ Ұлттық Ғылым академиясы (NAS) арнайы PEER 9 циклі бағдарламасы аясында Халықаралық ғылыми жоба шеңберінде өткізген «Ауыл шаруашылығындағы ашық түрде қашықтықтан зондтау және қосымшалар» тақырыбы және USAID «Ауыл шаруашылығында суды шамадан тыс пайдалану мен қарқындатудың Арал теңізінің кебуіне әсері: Сырдария өзенінің бассейніндегі СЭС динамикасы» тақырыбы бойынша практикалық семинар аяқталды.
Семинар 21-23 қараша аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Агротехнологиялық Хаб базасында өтті.
Семинардың танымал спикерлері мен оқытушыларының арасында Оңтүстік Дакота Университетінің жоба қызметкерлері: доктор Ранджит Джон және аспирант Венкатеш Коллуру болды.
Іс-шараға Қазақстан-Британ Техникалық университетінің, Ионосфера ҒЗИ, Қазақстан-Неміс университетінің және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері белсенді қатысты.
Қатысушылар Google Earth Engine қосымшасын қолдану туралы нақты практикалық дағдыларды игерді, сонымен қатар, классификацияны қадағалау, дақылдардың түрлерін картаға түсіру, қорғалатын табиғи аумақтарға жақын ауыл шаруашылығының қарқындылығын бағалау және жайылымдық жерлерде беткі қыртысының өзгеруін анықтау сияқты тақырыптарды жан-жақты оқып, түсінік алды.
Семинар соңында доктор Жанай Сағин Батыс Қазақстанда қар жамылғысын суару мақсатында сақтаудың ғылыми жолдарын ортаға сала отырып, ҚазҰАЗУ, ҚБТУ және Оңтүстік Дакота Университеті арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін нығайтуға және бірлескен әлеуетті жобаларды жүзеге асыруға назар аударуды ұсынды.
Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға қатысу туралы Сертификаттар табысталды, ал баяндама жасаушы жас ғалымдар естелік сыйлықтарға ие болды.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі