KazNARU

ҚазҰАЗУ басшылығы Халықаралық Elsevier (Scopus) компаниясының Орталық Азия бойынша жетекшісімен кездест

2023 жылғы 24 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары, профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы және Ғылым департаментінің қызметкерлері Халықаралық Elsevier (Scopus) компаниясының Орталық Азия бойынша жетекшісі Дамир Рахметовпен кездесті.

✅ Scopus – рецензияланған ғылыми әдебиеттердің (журналдар, кітаптар, конференциялар, салалық басылымдар) бірыңғай библиографиялық және реферативтік базасы. Scopus сияқты халықаралық дәйексөз деректер базасындағы жарияланымдар – көптеген ғылыми бағдарламаларға қатысудың алғышарты. Халықаралық журналдарда мақалалардың болуы ғылыми қоғамдастықта елеулі беделді қалыптастыру үшін керек. Scopus – сонымен қатар, журналдар мен мақалалардың ең үлкен деректер қоры. Бұл – ғылыми мақалаларды жазу барысында таңдаған тақырып бойынша жасалған зерттеулерді іздеп-табуға өте ыңғайлы база.

✅ Кездесу барысында Scopus дерекқорындағы ScienceDirect – платформа құралы, мамандандырылған әдебиеттердің ең үлкен электронды кітапханасы, барлық ғылыми мақалалардың толық мәтіндеріне HTML немесе PDF форматында қол жетімділігі талқыланды.

✅ Сондай-ақ, SciVal – интеграцияланған модульдік платформасы, 4 негізгі элементті біріктіретін: деректер, технология, метрика және визуализация туралы айтылды. Бұл элементтер нақты ақпаратты пайдалануға негізделген кез келген ғылыми-зерттеу құралының негізі болып табылады.

Аталған Scopus дерекқорындағы платформалардың алдағы уақытта университет ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы, жас зерттеушілер мен білім алушыларға еркін қол жетімділігі мен оларды пайдалану бойынша алғышарттары бойынша жұмыс жүргізу қарастырылып, Компания тарапынан біздің университетке жеке қарастырылған коммерциялық ұсыныс жасалатын болды.

✅ Кездесу соңында жалпы ғылымның, Elsevier (Scopus) компаниясы мен университет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы тағы да атап өтіліп, университет басшылығы атынан компанияның Орталық Азия бойынша жетекшісі Дамир Рахметовке сындарлы және пайдалы кездесу үшін алғыс айтылды.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник