KazNARU

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҰЙЫМЫНЫҢ (ФАО) ТРЕНИНГІ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

2023 жылдың 24 қарашасында Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Қазақстан Республикасындағы Байланыс және серіктестік кеңсесінің ұйымдастыруымен БҰҰ-ның Алматыдағы кеңсесінде «Шағын және орта инвестициялық ұсыныстардың бизнес-жоспарларын құрастыру және талдаумен таныстыру» тақырыбындағы Ruralinvest тренингі өз жұмысын аяқтады.

✅ 2023 жылдың 20-25 қарашасы аралығында өткен 6 күндік Ruralinvest тренингке әртүрлі жоғары білім, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, өз білімдерін жетілдірді. Тренингті өткізуге ФАО-ның Қазақстандағы кеңсесінің Бағдарлама талдаушысы Самат Қайырбеков жетешілік жасады.

✅ Тренингтің жабылу салтанатында ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары Қайырбаева Айнұр Елтайқызы сөз сөйлеп, қазақстандықтар үшін өте пайдалы іс-шара өткізгендері үшін ұйымдастырушыларға және белсене қатысушыларға алғысын білдірді.

✅ Өз кезегінде ФАО инвестициялық орталығының аға экономисі Анара Жұмабаева үлкен қолдау көрсеткені үшін университет басшылығына ризашылығын жеткізіп, болашақта да осы сияқты ірі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін айтты.

✅ Қазақстанда осындай тренингтер 2022 жылдың тамызында және 2023 жылдың сәуірінде Астана қаласында отандық фермерлердің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті оқытушыларының және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен өткен болатын.

✅ Тренингтердің нәтижесінде ҚАТЗУ экономика факультетінің студенттеріне арналған «Ауыл шаруашылығына инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» және «Қолданбалы модельдеу және талдау бағдарламалары» аясында Ruralinvest оқу бағдарламасын пайдалану енгізілді.

Сонымен қатар, «АНК» АҚ қызметкерлері шаруалар несие алуға өтінім берген кезде Ruralinvest қосымшасын іс жүзінде пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

✅ ҚазҰАЗУ-дың «Бизнес және құқық жоғары мектебі» де бұл аталмыш курсты өздерінің білім беру бағдарламасына келесі оқу жылында таңдау компоненті ретінде тәжірибеге енгізетін болады.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник