ҚазҰАЗУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ӨНДІРІСТІК ОҚУЛАРЫ ЖӘНЕ ДУАЛДЫ ТӘЖІРИБЕНІ ҚОСА ИГЕРУІ
Қазіргі таңда ҚазҰАЗУ алты ірі ғылыми-зерттеу институты мен бір тәжірибелік шаруашылық жұмыс жасап тұр. Соның бірі – «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми -зерттеу институты» ЖШС. «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми - зерттеу институты» ЖШС 1993 жылы Алматы қаласында құрылды. Институт Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің жүйесінде 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Астана және Семей қалаларында екі филиалы бар. Басты мақсаты - отандық және шетелдік нарықтардағы өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қайта өңдеу және тағам өнеркәсібінің инновациялық дамуын ғылыми қамтамасыз ету.
Дуалды оқыту - бұл оқытудың теориялық бөлігі білім беру ұйымының базасында, ал практикалық бөлігі жұмыс орнында өтетін оқыту түрі. Кәсіпорындар білім беру мекемелеріне мамандардың нақты санына тапсырыс береді, жұмыс берушілер оқу бағдарламасын жасауға қатысады. Студенттер кәсіпорында тәжірибеден оқудан қол үзбей өтеді. Дәл сондай дуалды оқыту ҚазҰАЗУ мен «ҚҚӨжТӨҒЗИ» ЖШС аралысында орын алуда.
Дуалды оқыту жүйесінде жұмыс берушінің рөлі күшейіп, сапалы өзгереді. Кәсіпорын аумағында студенттерге арналған оқу жұмыс орындары құрылады, олар әдеттегі жұмыс орнынан виртуалды симуляциялық жабдықтың болуымен ерекшеленуі мүмкін. Ең маңызды компонент — тәлімгер ретінде әрекет ететін дайындалған кадрлардың болуы.
Дуалды оқыту аясында 2023 жылдың 23 қазаны – 24 қараша аралығында «Зооинженерия және тағм өндірісінің технологиясы» факультетінің 6В07208 - «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 4 курс студенттері ЖШС «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми - зерттеу институтының» базасында дуалды тәжірибеден өтуде.
Тәжірибеге бармастан бұрын дуалды оқыту бойынша ҚазҰАЗУ, ҒЗИ және білім алушы арасында үшжақты келісім - шарт жасалды. Тәжірибе өтетін кәсіпорында, ҒЗИ - да студенттерге қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі инструкциясы таныстырылды.
6В07208 - «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 4 курс студенттерінің 2023-2024 оқу жылына арналған дуалды оқыту өндірістік тәжірибесі бойынша кесте жасалып және жетекшілері тағайындалды.
Майя Бектұрсынова, магистр, «Құрама жем технологиясы» зертханасының аға ғылыми қызметкері, Гүлжан Жұмалиева, т.ғ.к., «Наубайхана өндірісінің технологиясы» зертханасының меңгерушісі, Раушан Макеева, «Сүт және сүт өнімдері технологиясы» зертханасының инженер – технологы, Мәсімжан Велямов, б.ғ.д., профессор, «Сапа және тамақ қауіпсіздігі биотехнологиясы» зертханасының меңгерушісі, Әлібек Тұрсынов, магистр, «Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологиясы» зертханасының аға ғылыми қызметкерлері дуалды тәжірибе бағдарламасына сәйкес технологиялық, зертханалық және тағы басқа тәжірибелік жұмыстарды студенттермен бірге жүргізуде.
Тәжірибе өту барысында студенттер күнделік - есептерін толтырып, атқарған жұмыстары туралы нақты ақпаратты жазып отырады, сонымен қатар тәжірибе соңында қортынды есеп беріледі.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі