KazNARU

ҚазҰАЗУ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН МАМАН ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2023 жылдың 30 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен, Almaty Сlinic жанындағы медициналық денсаулық орталығының клиникалық психологы Кристина Керимованың қатысумен білім алушылар үшін «Жастар арасында депрессиялық күйзелістің алдын алу» тақырыбында арнайы семинар өткізілді.

✅ Елімізде бүгінде жастар арасында өмірдегі келеңсіз жағдайлардан көңілі қалып түңілу, ішкі шарасыздықтан депрессиялық күй кешу сияқты көріністердің бой көрсететіні жасырын емес. Болашағы әлі алдында тұрған жастардың бұндай шарасыз халге түсуіне не себеп және бұл келеңсіз жағдаймен қалай күресуге болады? Осы сауалдарға белгілі маман психологтар бірлесе жауап іздеп, депрессия мен стрессті қалай жеңуге болатынына тоқталды.

✅ «Жастар арасындағы депрессиялық күйзелістің пайда болу себептері әркелкі болуы мүмкін. Оның туындауына көбіне жас кезіндегі әлдебір қорқынышты сезім, әртүрлі эмоционалдық әлеуметтік проблемалар әсер етеді. Мысалы, жақын достармен қатты ренжісу, конфликтіге бару, отбасындағы жайсыз қарым-қатынас, қатарлас құрдастарының қысымы, емтиханға дайындалу мен оны тапсыру кезіндегі психологиялық стресс, компьютерлік ойындарға, әсіресе, агрессивтік сюжеттерге деген жоғарғы әуестік сияқты жат әдеттер жан күйзелісіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұдан шығудың жолы өте оңай. Бүгін сол туралы таратып айтамыз», - дейді Almaty Сlinic психологы Кристина Александровна.

✅ Депрессиялық күйзелісті жеңетін басты нәрсе – ол спорт. Үнемі жаттығу дененің қорғаныс жүйесін белсендіреді, асқа деген тәбетті ашады және ұйқыны қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар, жүйелі денешынықтыру адамның өзіне-өзі деген сенімін оятып, кісілік өлшемін бағалауын жоғарылатады. Күнделікті жасалатын қалыпты дене жаттығуларының нәтижесінде қан құрамынан серотонин шығарылатынын көп адам білмейді, бұл депрессиямен күресудің табиғи құралы болып табылады.

✅ «Біздің мақсатымыз – білім алушылар арасында денсаулықты күту, шыңдау және өмірлік дағдыларды қалыптастыру. Жастардың психологиялық көңіл күйін қадағалай отырып, олардың бойындағы өмірге құштарлығын, білімге қызығушылығын ояту арқылы жасырын қабілеттерін ашу, жеке тұлғаның шығармашылық дамуын қамтамасыз ету», - дейді ҚазҰАЗУ психологы Ләйла Бейсембаева студенттерді психология кабинетіне ашық әңгімеге шақыра отырып.

✅ Семинар барысында білім алушылар өздерін мазалап жүрген әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы сұрақтарын қойып, тұжырымды жауаптар алды, сонымен қатар, клиникалық психолог таратқан сауалнамаға жауап берді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник