ҚазҰАЗУ ӘДІЛЕТТІ УНИВЕРСИТЕТ АТАНҒАНЫН ІС ЖҮЗІНДЕ ДӘЛЕЛДЕДІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ақылбек Күрішбаевтың студенттермен осы жолғы кездесуі ерекше форматта өтті. «Іс жүзіндегі әділетті университет» атты тақырыппен өткен кездесуде тек студентттер ғана сөйлеп, өздерін толғандырып жүрген мәселелелерді ортаға салды
Кездесуді «Агробиология» факультетінің 4 курс студенті Айнұр Ақжолтаева бастады: "Мен Сізбен кездесуге қатысқаныма өте қуаныштымыз" деген студент ары қарай, өз көзқарасын білдірді.
«Мен белсенді студент ретінде 2022 жылғы қарашада Сізбен өткен кездесуде зертханалық сабақтарымыздың және практикамыздың өз дәрежесінде өтілмейтінін айтқан болатынмын. Содар бері жақсы өзгерістер өте көп. Нәтижесінде биыл кәсіби практикамызды төрт жылда алғаш рет Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ мекемесінде өткіздік. Фитопатология бөлімінде жұмыс істеп, өсімдіктердің ауруларын зерттеуге қатысып, мамандығымызға деген қызығушылығымыз артты. Кәдімгідей штрихкодтармен жұмыс жасап, теориялық білімімізді практикамен ұштастырдық. Осындай мүмкіндік бізге төрт жыл ішінде бірінші рет беріліп отыр. Сіздерге алғысымызды білдіреміз! Менің тағы бір ұсынысым, осындай сапалы кәсіби практика алда да өз жалғасын тапса дейміз.
Бұл ұсынысқа Ақылбек Қажығұлұлы сапалы білім алып, «білім - ғылым - өндіріс» заманауи моделін іске асыру үшін біздің университетке 6 ҒЗИ мен бір шаруашылық қосылғанынын айтып, бұл «білім алу, өндірістік тәжірибе, ғылымды меңгеру» саласындағы үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті.
Гүлнұр Асылбек, инженерлік-техникалық факультеттің 4 курс студенті: «Былтыр осы трибунада тұрып, студенттерге арналған қызықты іс-шаралар көп өткізілмейтіні, ұйымдастырылған жағдайда университет тарапынан қаржылық қолдаудың көрсетілмейтінін айтып едім. Биылғы бірінші курстарға «Бақшасарай» Салтанат залында кереме студент қатарына қабылдау мерекесі ұйымдастырылды, Қызыққанымыз - бізге бірінші курста ондай салтанатты іс-шараның болмағаны, қуанғанымыз - жаңадан қабылданған бірінші курс студенттеріне осындай тамаша мүмкіндіктердің жасалып жатқандығы.
Жақан Керімсейіт, «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің 1 курс студенті: - Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Қадірлі достар, оқытушылар! Мен университеттің бірінші курс студентімін. Оқыған үш ай ішінде талай шараларға қатыстым. Мен осы Алматы қаласында туып өстім, қаланың мектебін бітірдім. Жастар арасында аграрлық универде тек ауылдың балалары оқиды деген стереотип қалыптасқан. Олай емес, мен қаланың баласы болсам да осы университетті, «Кадастр» мамандығын өзім таңдадым. Қаладағы достарымның арасында өз универімді айтып, қашанда мақтанып жүремін. Осы жерде баса айта кететін нәрсе, кәсіби бағдар жұмысына да студенттер белсене қатысу керек деп ойлаймын».
Осы сияқты алуан пікірлер мен сұрақтарға университет басшысы Ақылбек Күрішбаев толымды жауап беріп, атқарылып жатқан істердің барылығы да тек студетенттердің жақсы білім алып, алаңсыз оқуы үшін жасалып жатқан жағдай екенін атап өтті. Мәселен, ҚазҰАЗУ басшылығы, ең алдымен, оқу ордасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударды. Жазғы каникул уақытында жылдар бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген 8 студенттік жатақханалар мен оқу ғимараттары жаңғыртылды.
Соның ішінде, жеке қолға өтіп кеткен №6 студенттік жатақхана оқу ордасының тұрғын үй қорына қайтарылды және қосымша 200 студент баспанамен қамтамасыз етілді. Жақын күндері күрделі жөндеуі аяқталған 230 орындық №3 студенттік жатақхана да пайдалануға берілмек.
Тағы бір үлкен жаңалық – қазіргі заманғы стильде салынатын 9 қабатты, 450 орындық жаңа студенттік жатақхананың құрылысы басталды. Мемлекеттік – жекешелік әріптестік негізде бой көтеретін ғимараттың жалпы ауданы 6 714,3 шаршы метр. Жатақхана қасынан студенттер үшін 398,2 шаршы метрлік Медициналық орталық тұрғызылмақ.
Білім алушылар үшін тікелей әлеуметтік жеңілдік жағдай
мен қызмет көресететін «Студент» дүкені ашылып, жатақханаларға кір жуғыш машиналар мен мұздатқыштар орнатылғанына студенттер өз ризашылықтарын білдірді.
"Осындай қолға алынған істердің нәтижесінде ҚазҰАЗУ Алматы қаласында өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет атанды. Сіздерден сұрарымыз бір ғана өтініш, тек жақсы оқып, оқу ордамыздың абыройын көтеруге үлес қоса беріңіздер», -деп атап өтті университет басшысы Ақылбек Қажығұлұлы.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі