KazNARU

ЖАҢҒЫРҒАН УНИВЕРСИТЕТТІҢ 55 ЖАС СПОРТШЫСЫ ЖАСЫЛ КІЛЕМДЕ БАС ҚОСТЫ

«Білім алушылардың спортпен айналысуына ҚазҰАЗУ басшылығының ерекше көңіл бөліп отырғаны қуантады. Барлық заманауи спорттық құралдармен жабдықталған тренажерлық залдарыңызды, күрделі жөндеуден өтіп жатқан Орталық стадионды көрдім. Мұндай тамаша спорттық ғимараттар көп оқу ордасында жоқ. Осының бәрі сіздердің игіліктеріңіз үшін!» - деді Әлемнің екі дүркін, Азияның үш дүркін чемпионы, Жастар арасындағы ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тәліп.

✅ 2023 жылдың 2 желтоқсанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті спорт кешенінде Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған студенттер арасында Қазақ күресінен турнир өткізілді. Жарысқа жеті салмақ бойынша 55 жас палуан қатысты.

✅ Жарыстың ашылу салтанатында Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымының кандидаты Туякбаева Меруерт Шекеевна «Қазақ күресінің дамуы қазақ халқының тарихы терең, дәстүрлі спортынан тамыр тартады. Түрлі бас қосулар мен мерекелерде, тойларда спорттың осы түрінсіз сайыс өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген» деп атап өтті.

Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан өз алдына тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды. Ал, 2012 жылдан бастап жыл сайын қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтіп келеді.

Осы дәстүрді жалғасырып, міне, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері де алдағы 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған жарысқа белсене қатысты.

✅ Жарыс алдында Әлемнің екі дүркін, Азияның үш дүркін чемпионы, Қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ күресінен Еңбек сіңірген жаттықтырушы және Жастар арасындағы ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Тәліп жас палуандарды құттықтап, сәттілік тіледі.

«Қазақ күресінен ең алғашқы Универсиада 2001 жылы ҚазҰАЗУ базасында өткені есімізде. Мүмкін, ол кезде сіздер мектеп қабырғасында оқыған боларсыздар. Содан бері ұлттық спорт түрі, оның ішінде қазақ күресі студенттер арасында қарқынды дамып келеді. Білім алушылардың спортпен айналысуына университет басшылығының ерекше көңіл бөліп отырғаны қуантады. Барлық заманауи спорттық құралдармен жабдықталған тренажерлық залдарыңызды, күрделі жөндеуден өтіп жатқан Орталық стадионды көрдім. Мұндай тамаша спорттық ғимараттар көп оқу ордасында жоқ. Осының бәрі сіздердің игіліктеріңіз үшін! Осындай жақсы мүмкіндіктерді пайдаланған сіздердің араларыңыздан ертең ел намысын қорғайтын чемпиондар шығатынына сенемін. Баршаңызға жеңіс пен мерейлі жетістіктер тілеймін!» - деді Бауыржан Таубалдыұлы.

✅ Жарысқа бас төреші болып Нокишев Мурат Баяхметұлы, хатшылықты Манапов Ядгар Ялкунжанұлы жүргізді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

✅ Турнир нәтижесі бойынша төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді.

55 кг салмақта

I орын жеңімпазы Нағашыбай Асылхан

II орын алған Маулен Дархан

III орын Спабек Еркебұлан

Палуандарды Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының волейбол жаттықтырушысы Арзиев Шохрат марапаттады.

60 кг салмақта

I орын жеңімпазы Ахметқали Айхан

II орын алған Нұргелді Нұрбол

III орын Қалбай Ержан

Палуандарды Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының күрес жаттықтырушысы Нокишев Мұрат марапаттады.

66 кг салмақта

I орын жеңімпазы Тәңірберген Арнұр

II орын алған Ықыласов Бисұлтан

III орын Сектаев Ерасыл

Палуандарды Ветеринария факультетінің декан орынбасары Жуманов Қайрат марапаттады.

74 кг салмақта

I орын жеңімпазы Ынтымақ Сұлтан

II орын алған Қолдас Мұратхан

III орын Абдулла Жеңіс

Палуандарды Евразия аграрлық колледжі жаттықтырушысы Жүзбаев Ғанижан марапаттады.

82 кг салмақта

I орын жеңімпазы Кенжебек Темірлан

II орын алған Искандр Мейіржан

III орын Айтпанбет Біржан

Палуандарды Инженерлік–техникалық факультет деканы Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы марапаттады.

90 кг салмақта

I орын жеңімпазы Қылышбек Бекзат

II орын алған Базарбаев Әсет

III орын алған Сыдық Мейрамбек

Палуандарды Жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі Сманов Аширали Жүсіпұлы марапаттады.

100 кг салмақта

I орын жеңімпазы Азатбек Мадияр

II орын алған Жақан Бекнар

Палуандарды Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының таэквондо жаттықтырушысы Коспагарова Жадыра марапаттады

---------Chatbot---------
виртуальный помощник