KazNARU

Студенттік шағымыздың алғашқы жобасы!

2023 жылдың 8- ші желтоқсанында “Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі” кафедрасында  “KazSat project “ атты наубайхана зауыттарын жобалау жайында іс-шара өткізілді. Іс-шара универіміздің ТПРП  мамандығының 4 курс топтары қатысты. ТПРП 20-10К тобынан 3 топ сайысқа қатысса, ТПРП 20-09 тобынан 1 топ шығып өз жобаларын қорғаған болатын.  Жалпы, іс-шараның басты мақсаты студенттердің өндірісті жобалау  түрлері мен нысандары туралы білімдерін шыңдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өз білімдерін дұрыс бағытта пайдалану мен сыни ойлауды қалыптастыруға ықпал ету; 

Іс-шара 5 түрлі кезеңді қамтыды. Алдымен әр топ өздерін таныстырумен бастап, сабақ барысында өткен материалдарды да қалыс қалдырмай еске түсіру мақсатында қойылған сұрақтарға да белсене жауап берді. Келесі кезеңдерде өздері дайындаған наубайхана макетін және сол макетті дайындау үшін орындалған бизнес жоспарларымен таныстырды. Студенттер құрғалы отырған компанияларының жарнамасымен де бөліскен еді. Жалпыласақ, әрбір кезеңнің өзінің ерекше көзген түскен топтары болды.  

Іс-шараның қатысушыларынан бөлек, көрермендерде жобалау пәні туралы біршама ақпаратқа қанық болды. Жобалау сөзінің тек қана сызбамен шектелмейтіндігін түсінді десек те, артық емес. Жалпы, іс-шара Исматуллаев Саттар Лесхановичтың бастамасымен және ТПРП 20-10к тобының ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шара барысында кафедра меңгерушісі Мамаева Л. А және оқытушылар Исматуллаев С. Л, Боранбаева Т. К және Валиева Г. А қазылар алқасы құрамында болып, әділ төрелік етті. 

Іс-шара қорытындысына тоқталсақ,  ерекше көзге түсе білген ТПРП 20-10К тобынан шыққан “Bakery Bread “ командасы “Бас жүлдені” алса, жүлделі 1 орынды “Va-Bank” командасы иеленді. Қалған “X-women “ және “Ұлытау нан” командалары екінші және үшінші орындарды еншіледі.  Іс-шара өз деңгейінде өтіп, келген қонақтарымыздың да көңілінен шықты деген ойдамыз; 

“Қай кезде де бүгінгі шәкірт- ертеңгі ел от тұтқасы”,-дегендей, біздің студенттердің де болашақта өз істерінің маманы болатынына сенім білдіреміз!
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник