KazNARU

Абайдың «Толық адам» концепциясы

2023 жылы 24-ші қараша күні Ветеринарлық медицина 22-02 тобы және Академик Н. У. Базанова атындағы Физиология, морфология және биохимия кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы ұйымдастыруымен  Абайдың «Толық адам» концепциясы атты тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағаттың  мақсаты: Адамның өз орнын табуы, өзіне жол сілтеп, бағыт-бағдар беруі Абай этикасының  негізгі ұстанымның мәнін ашып түсіндіру. Абай, адамгершілік тәрбиеге негіз болатын мораль философиясына орала берген.  Қазақтардың бүгіні мен болашағын, дәстүр-салтын, рухани мәдениетін  дамыту, жетілдіру мақсатында адамгершілік тұрғыда тәрбие беру бағытын өмірінің соңына дейін үнемі тынымсыз ойлаумен өткен.

Ойшыл хакім өзінің болмысын, поэзиясын, философиясын адам бойындағы құндылықтардан тапқан. Қара сөздің хас шебері Абай өзінің отыз сегізінші сөзінде  былай дейді: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек. Әуелі- надандық, екіншісі еріншектік, үшіншісі залымдық». Осындай керемет қара сөздері мен мағыналы, адамды ойландыратын өлеңдерін студенттерге насихаттау.

 

 

Ұйымдастырушы:   Ерназарова С.Т., Ветеринария факультетінің Вет 22-02 топ студенттері

Қатысқандар : Кафедра ұжымы

 

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник