СПИД-21 ғасыр дерті.
1 желтоқсан 2023 жылы Академик Н. У. Базанова атындағы Физиология, морфология және биохимия кафедрасында студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы СПИД-тің қаншалықты тез жұғатынын, қалай жұғатынын, СПИДпен күресу жолдарын қарастырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу бойынша тәрбие сағатын өткізді.
Қазіргі кезде инфекциялық аурулардың бірі- СПИД вирусы. ЖИТС алғаш рет 1981 жылғы 5 маусымда Құрама Штаттарда бес адамнан анықталған.Олар Pneumocystis carinii қоздырған пневмонияға және оппортунис инфекцияларына шалдыққан, көктамырына есірткі егетін адамдар арасында байқалған.
1982 жылғы шілдеде болған жиында ЖИТС деп өзгертілді.1983 жылы америкалық вирусолог Роберт Галло және француз тергеушілері – Франсуаза Барре-Синусси мен Люк Монтанье басқарған екі зерттеушілер тобы бір-бірінен тәуелсіз ЖИТСті ретровирустың жаңа түрі қоздыруы мүмкін деген мәлімдеме жасады.
СПИД Алғашқы күндері бұл аурудың ресми атауы болмады, тек осы жағдайда дамитын ауру атауымен аталып жүрді, мәселен: лимфаденопатия, Капоши саркомасы және оппортунис инфекциясы. Алғашқыда АИВ ашқан ғалымдар вирусты да лимфаденопатия тудыратын вирус деп атаған еді.
Сабақ барысына жүргізушілер студенттерге сұрақ қоя отырып, түрлі ақпараттар талқыланды.
Ұйымдастырушы: Оқытушы Жылкышыбаева М.М., Ветеринария факультетінің Вет 23-05 топ студенттері
Қатысқандар : Кафедра ұжымы, Ветеринария факультетінің 23-05 топ студенттері