KazNARU

«Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы» атты дөңгелек үстел

 

30 қараша 2023 жылы Академик Н. У. Базанова атындағы Физиология, морфология және биохимия кафедрасында «Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы» атты дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара барысында, студенттер қысқаша кіріспе сөзден соң, «Адамгершілік туа пайда болады ма, әлде жүре пайда болады ма?» - деген сұраққа жауап табу мақсатында пікір-талас өтті. Әрбір студент өз ойын ортаға салып, талқылады.

         Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Рухани – адамгершілік тәрбиесі – өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сонымен қатар, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы да сөз сөйледі. Профессор Саримбекова С.Н. Адам бойындағы   адамгершілік қасиетін  әдет- ғұрыппен, салт дәстүрмен байланыстырды, тектіліктің мәнін ұғындырды.

Профессор Джанабекова Г.К. Студенттердің жауаптарына риза болып, ой өрістерінің, айтқан жауаптарынан байқап, жоғары екенін айтып жеткізді. Жастардың салауатты, саналы болып өсуін міндет етті, оның жолы әр адамның өз бойына осы бір асыл қасиетті сіңіре білу керек екенін айтты.

 

Ұйымдастырушы:   Оқытушы Жылкышыбаева М.М., Ерназарова С.Т.,  Өтебаев Ж.М., Ветеринария факультетінің Вет 23-03 топ студенттері

Қатысқандар : Кафедра ұжымы, Ветеринария факультетінің 23-03 топ студенттері

---------Chatbot---------
виртуальный помощник