KazNARU

ЖЕЛТОҚСАН БАТЫРЫ ЕРБОЛ СЫПАТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИРДЕ ҚазҰАЗУ СТУДЕНТТЕРІ ТОП ЖАРДЫ

Бүгін Казақ спорт және туризм академиясында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында Желтоқсан батыры Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған қазақ күресінен арнайы турнир ұйымдастырылды. Бұл дүбірлі сайысқа Алматы қаласындағы ЖОО-лардың студенттері қатысып, күш сынасты.

✅  Ербол Сыпатаев деген кім? 
Бұл туралы белгілі журналист-жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қайым-Мұнар Табеевтің «Алматы. 1986 жыл» атты тарихи-деректі кітабында толық баяндалады. Ербол Сыпатаевтың өмірі, өскен ортасы мен басынан кешкен оқиғалары тікелей Желтоқсан оқиғасымен байланысты.

✅  Қазақ КСР Ішкi iстер министрлiгiнiң анықтамасы бойынша, 1986 жылғы 18-25 желтоқсанда 8 мыңдай адам уақытша тергеу изоляторына әкелінген. Оның 1500-і әртүрлі мерзімге қамауға алынды, 99-ы «бұзақы, ұйымдастырушы қылмыскер» атанып сотталды, 200 студент пен жұмысшы жастар 1 айға дейін абақтыға жабылды, 2 мыңнан аса адам әкімшілік-тәртіптік жазаға тартылды. 

Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков пен Мырзағұл Әбдіқұлов ату жазасына кесіліп, студенттер Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сынды жас өркендер шейіт болды. 

Соның ішінде, Ербол Сыпатаев 1986 жылдың 18 желтоқсанында алаңда басынан жарақат алып, ауруханаға түседі, ал 23 желтоқсанда сол жарақаттан көз жұмады. Тоталитарлық жүйе оның үстінен қылмыстық іс қозғап, ұзақ жылдар бойы қара тізімге енгізіп қояды. 

✅   «Тек Тәуелсіздіктен кейін ғана, 1991 жылы Ербол Сыпатаев толық ақталып, есімі өзі бітірген Жетісу (бұрынғы Алматы) облысындағы Еңбекші орта мектебіне беріледі. Ал, 2008 жылдың 16 желтоқсанында қос өрен Ербол мен Ләззатқа Панфилов аудандық Мәдениет үйінің алдында ескерткіш орнатылды», - дейді жазушы Қайым-Мұнар Табеев.

✅  Бұл күнде бір ғана ауданның емес, тұтас еліміздің мақтанышына айналған желтоқсандық батырларды Тәуелсіздік қарсаңында еске алып, тағзым ету дәстүрге айналған.

Оңтүстік мегаполистегі ЖОО-лар арасындағы қазақ күресінің сайысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенті Нағашыбай Асылхан  55 кг салмақта  жүлделі 2 орын алса, 74 салмақта Аманғазы Нұрасыл 3 орынға ие болды. Жас палуандардың жаттықтырушылары: Мұрат Нокишев пен Ядыгар Манапов.

✅ Университетіміздің абыройын асқақтатқан студенттерімізді спорт белесіндегі кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!
 
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник