KazNARU

ҚазҰАЗУ мен ҚАЗАҚСТАН-НЕМІС УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы -Ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, профессор Ақылбек Күрішбаев Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) Президенті, доктор Волрад Роммельмен кездесіп, екі университет арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері сөз болды.

Кездесуге Мартин Лютер атындағы Галле-Витенберг университетінің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы доктор Петер Либельт, DKU Президентінің референті Арыстанбек Құрманғалиев және ҚазҰАЗУ проректорлары мен декандары қатысты.                 

✅ DKU білім мен ғылымды интеграциялау арқылы Орталық Азияның тұрақты дамуына ықпал ететін және Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқан халықаралық университет болып табылады.

«Студенттер Инжиниринг және ақпараттық технологиялар; Әлемдік саясат; Экономика және кәсіпкерлік факультеттерінде оқиды. DKU сонымен қатар, жеке пәндердің негізінде де, бірлескен зерттеулерде де инновациялық іргелі зерттеулер үшін өзінің ішкі қуатын белсенді түрде дамытуда, көптеген жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және бизнеспен серіктестік қарым – қатынас жасайды",- деді университет Президенті доктор Волрад Роммель.

✅ Өз кезегінде ҚазҰАЗУ басшысы Ақылбек Күрішбаев университеттің германдық серіктестерімен ынтымақтастығының маңызды бағыттарына тоқталып өтті. Осы аптада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Erasmus+ Рroject IMPROvE_AGRO’s: project discussions, conclusion and farewell Халықаралық жобасының финалдық конференциясы өтуде.

«Осы конференция аясында белсенді әріптестеріміздің бірі болып табылатын Freiburg University of Education (Германия) қатысуымен, алдыңғы болып өткен халықаралық білім беру жобасының нәтижелерін қорытындылаймыз. Біздің университеттің ғалымдары Галле қаласындағы өтпелі экономикасы бар елдердегі Лейбниц-Аграрлық даму институтымен де (IAMO) тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Соның ішінде Agrichange - Орталық Азияның суармалы егіншілігіндегі жер және еңбек қатынастарындағы институционалдық өзгерістерге қатысты өңіраралық жобасы бірлесіп жүзеге асырылуда", - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы. 

✅  Бірлескен ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – Германияның Қоршаған ортаны қорғау федералдық қоры қаржыландыратын «Қазақстан мен Қырғызстандағы ежелгі алма бақтарын сақтау үшін орнықты өңірлік басқару және құндылық құру» бағытындағы «Alma» зерттеу жобасы. Бұл жоба өз кезеңінде өте жақсы нәтиже көрсетіп, 2026 жылға дейін тағы екі жылға ұзартылды.

✅ «Біз енді Қазақстан-Неміс университетімен және Мартин Лютер атындағы Галле-Витенберг университетімен ынтымақтастығымызды кеңейтуді қалаймыз", - деген ҚазҰАЗУ басшысы Ақылбек Күрішбаев бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және ауыл шаруашылығында ғылыми зерттеулер жүргізуге шақырды.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім және ғылым саласындағы жемісті өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы ортақ пікірге келді. 

✅ Сондай-ақ, Су ресурстарын зерттеу жөніндегі Орталық құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

Кездесу аясында қонақтар ҚазҰАЗУ ғылыми-зерттеу зертханаларымен танысып, университеттің соңғы инновациялық ғылыми жетістіктері үшін ризашылықтарын білдірді. 

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.
 


---------Chatbot---------
виртуальный помощник