ҚазҰАЗУ халықаралық COURSERA платформасына қосылды
Бүгін ҚазҰАЗУ базасында 610 білім алушы мен профессор-оқытушылар құрамы үшін "Сoursera" компьютерлік мамандандырылған аудиториясы ресми түрде ашылды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарына "Сoursera" халықаралық платформасы енгізіле бастады, ол әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы білімге қолжетімділікке жол ашады.
✅ Бүгінгі таңда Coursera білім беру платформасы әлемнің түкпір-түкпірінен 124 миллионнан астам оқырманды біріктіріп отыр, оның құрамында әлемдегі ең озық Стэнфорд университеті, Йель университеті сияқты 185-тен астам университеттер мен Google, IBM, Microsoft сияқты т.б. 115-тен астам танымал жаһандық технологиялық және өнеркәсіптік компаниялары бар.
✅ Компьютерлік сыныптың ашылу салтанатына Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, профессор Ақылбек Күрішбаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының және «BMG UpSkill» компаниясының президенті Рауан Кенжеханұлы және ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы - Ректордың орынбасары Айнұр Қайырбаева, "Білім беру бағдарламаларын жобалау" кеңсесінің басшысы Жанар Құсайынова университет бойынша платформа тәлімгері Сәбит Бұтақұлов және факультет декандары қатысты.
✅ Рауан Кенжеханұлының айтуынша, «BMG UpSkill» компаниясы Қазақстандағы Coursera білім беру платформасының эксклюзивті серіктесі болып табылады және осы өз күшімен осы компьютерлік аудиторияны жасақтап берді.
Бұл платформа әртүрлі білім, дағдылар мен пәндердің кең ауқымын қамтитын 11 мыңнан астам және 100 локализацияланған оқыту курстарына қол жеткізе алады. Coursera әлемнің 300-ден астам жетекші университеттердің (Стэнфорд, Дьюк, Йель университеті, Колумбия университеті) сияқты және Meta, Google, Intel технология саласындағы алыптардың білім алуын біріктіріп отыр.
«Ең ірі және аса беделді жаһандық білім беру экожүйесінің білім беру контентін игерудің арқасында қазір ағылшын тілін білмейтін немесе оны жеткілікті жоғары деңгейде меңгермеген қазақстандықтар әлемдік деңгейдегі сертификаттау бағдарламалары бойынша онлайн оқытудан өтуге мүмкіндік алады. Компания 201 курсты қазақ және орыс тілдеріне аударды», - дейді Рауан Кенжеханұлы.
✅ Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, қазіргі уақытта білім алушылар мен ПОҚ «Coursera» платформасын белсенді пайдалануда, 6641 бейнематериал қаралып, 4427 материал өз бетінше зерделеу үшін қолданылған, ал 3543 тапсырма тікелей орындалған. Сондай-ақ екі апта ішінде әлемдік деңгейдегі сертификаттау бағдарламалары бойынша 178 сертификат алынды.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.