KazNARU

ҚазҰАЗУ мен АҚШ-тың ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТІ НЕБРАСКА (ЛИНКОЛЬН) АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Небраска Университеті ауыл шаруашылығын автоматтандыру, роботтандыру және цифрландыру, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға күтім жасау үшін жасанды интеллектті пайдалану саласындағы жобаларды, зерттеулер мен ғылыми жаңалықтарды әзірлеу мен іске асыруда көшбасшы оқу орны болып табылады.

✅ 2023 жылғы 21 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті Ақылбек Күрішбаев халықаралық қауымдастыққа танымал ғалым, Небраска Университетінің профессоры Даниэль Сноумен кездесті.

✅ Профессор Даниэль Сноу халықаралық стартап жобаларды дамыту бойынша жетекші маман және сарапшы болып саналады, Небраска Университетінің ғылыми-зерттеу зертханасының Директоры және WSL қызметкерлері мен операцияларын қадағалайтын жауапты тұлға.

✅ Өз кезегінде, ҚазҰАЗУ басшысы Ақылбек Күрішбаев жоғары білім беруді интернационалдандырудың, екі аграрлық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың аса маңыздылығын атап өтіп, америкалық қонақты әлемдік ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, бірлескен оқу-білім беру, инвестициялық жобаларды бірлесе іске асыруға шақырды.

✅ Кездесу барысында тараптар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласындағы ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу бойынша жемісті өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы ортақ пікірге келді. Оның ішінде, төмендегі мәселелерге акцент жасалды:

- Небраска Университеті мен ҚазҰАЗУ арасындағы екі дипломдық білім беруді дамыту процесін ілгерілету және жеделдету;

- Небраска Университетінің агорөндірушілермен жұмыс істеу бойынша көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, EXTENSION (фермерлерге арналған білім тарату орталығы) бірлескен Халықаралық орталығын құру;

- Небраска Университетінің студенттері мен оқытушыларын ҚазҰАЗУ-де білім алу және қызметке тарту мақсатында Study abroad бағдарламасын дамыту.

✅ Осы айтылған келісімдерді бекіту және тиісті шарттар жасасу үшін ү.ж. желтоқсан айының басында ҚазҰАЗУ ректоры Ақылбек Күрішбаевтың Небраска (Линкольн) Университетіне жұмыс сапары жоспарланып отыр.

Кездесу соңында америкалық қонақ ҚазҰАЗУ басшылығына жылы қабылдағаны және сындарлы әңгімесі үшін алғыс білдірді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник