KazNARU

KazNARU БАСШЫСЫ АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ – ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик, ҚР ҰҒА Вице-президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы Ұлттық ғылым академиясының Президенті болып тағайындалды. 

✅ Отандық ғылым мен білім саласының көрнекті өкілі, ірі ғалым Ақылбек Күрішбаевтың есімі мен еңбегі ғылыми қауымдастыққа кеңінен таныс. Әсіресе, еліміздің аграрлық ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі орасан зор. Экономиканы, ғылымды және жоғары білімді дамытуға, сондай-ақ белсенді қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін "Құрмет" және "Парасат"ордендерімен марапатталған.

✅  Ол қай салада жұмыс істесе де, өзіне жүктелген барлық міндеттерді әрқашан абыроймен орындап, отандық ғылым мен білімнің мүдделерін белсенді қорғай білді және жүзеге асыруға күш салып келеді.

Оның басшылығымен қазіргі уақытта KazNARU өмірінде де үлкен оң өзгерістер болып жатқанын қоғам жақсы біледі.

✅ Ел Президентінің осы жоғары сеніміне ие болған Ақылбек Қажығұлұлы Ұлттық ғылым академиясының жұмысын одан әрі жандандыра түседі деген сенім зор.шын жүректен құттықтаймыз! 

Жаңа қызметте де Ақылбек Қажығұлұлына ғылымды дамыту жолындағы еңбегіне абыройлы табыстар және зор денсаулық тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник