KazNARU

KazNARU профессорлары Самарқанд мемлекеттік ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінде дәріс оқып, практикалық сабақтар өткізді

Самарқанд мемлекеттік ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің ректоры, профессор Юнусов Худайназар Бекназарұлының шақыруымен KazNARU оқытушылары – "Микробиология, вирусология және иммунология" кафедрасының меңгерушісі, профессор Киркимбаева Ж.С., "Биологиялық қауіпсіздік" кафедрасының профессоры Ильгекбаева Г.Д. осы аталмыш оқу орнында болды.

Университет Өзбекстандағы 1929 жылдан бері жалғасып келе жатқан бай тарихы бар ең көне жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Білім беру мекемесі елдің аграрлық секторы үшін кадрлар даярлауға бағытталған.  Университет ректоры Юнусов Худайназар Бекназарұлы университеттің құрылымымен, қойылған міндеттерді шешу үшін университеттің жетістіктерімен және жоспарларымен таныстырды.

Самарқанд мемлекеттік ветеринария, мал шаруашылығы және биотехнология университеті білім беру қызметін дамытуға және оның әлемдік стандарттарға сәйкестігіне басымдық береді. Мәселелерді шешудің бір жолы -шетелдік ғалымдарды дәріс оқуға шақыру арқылы білім беру қызметтерінің сапасын арттыру. Тәжірибе және біліммен алмасу бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады, өйткені білім мен технологиялар трансферті артады, оқытушылардың ынтымақтастығы үдерісінде оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістемелері әзірленеді. 

Қазіргі уақытта ветеринария саласына мамандар даярлау екі факультетте жүргізіледі: ветеринариялық практика және емдеу факультеті; ветеринариялық балау және азық-түлік қауіпсіздігі факультеті.

Ветеринариялық практика және емдеу факультетінде 6 кафедра бар:

- жануарлардың анатомиясы, гистологиясы және патологиялық анатомиясы кафедрасы;

- ішкі жұқпалы емес аурулар кафедрасы;

- ветеринариялық хирургия және акушерлік кафедрасы;

- фармакология және токсикология кафедрасы;

- індеттану және жұқпалы аурулар кафедрасы;

- паразиттік және ветеринариялық істерді ұйымдастыру кафедрасы.

Ветеринариялық балау және азық түлік қауіпсіздігі факультетінің құрамына 4 кафедра кіреді:

- физиологиялық биохимия және патологиялық физиология кафедрасы;

- микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы;

- ветеринариялық-санитариялық сараптама кафедрасы;

- құс, балық, ара және терісі бағалы аңдардың аурулары кафедрасы.

Алғашқылардың бірі болып (1929 ж.) Эпизоотология, микробиология, вирусология және ветеринариялық сараптама кафедрасы ұйымдастырылды, ол қазіргі уақытта университеттің екі дербес бөлімшесі: індеттану және жұқпалы аурулар кафедрасы (кафедра меңгерушісі - PhD, доцент Худжамшукуров Ахтам Нурмаматович) және микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы (кафедра меңгерушісі – биология ғылымдарының докторы, профессор Алиев Дилмурод Давронович).

Студенттер шақырылған профессорлардың сабақтарына үлкен қызығушылық танытты. Дәрістер интерактивті түрде ұйымдастырылды, оның барысында әңгімелер, талқылау, пікір алмасу, ситуациялық мәселелерді шешу жүргізілді. Сонымен қатар, дәріскерлер зерттеу үшін перспективалы ғылыми бағыттарды ұсынды және дипломдық жұмыстардың, магистранттар мен докторанттар үшін зерттеулердің тақырыбы болуы мүмкін ғылыми аспектілер мен мәселелерді атап өтті.

Халықаралық байланыстарды кеңейту және нығайту Бағдарламасы шеңберінде туыстас кафедралардың ғалымдары (KazNARU "Биологиялық қауіпсіздік" кафедрасы және СамВММШБМУ індеттану және жұқпалы аурулар кафедрасы; KazNARU және СамМВММШБУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы) бірқатар міндеттерді бірлесіп орындауды жоспарлады: оқу-әдістемелік әдебиеттер шығару, бірлескен мақалалар жариялау, академиялық ұтқырлықты кеңейту.

Академиялық байланыстарды дамытудағы оң динамика үздік университеттердің әлемдік рейтингтерін өткізу жағдайында жоғары оқу орындарының академиялық беделін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады, тиісінше, біздің елдеріміздің білім беру жүйесін жақсартады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник