KazNARU

KazNARU ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамынан жасақталған Кәсіптік бағдар беру тобы бүгін Есік қаласында өткен Алматы облысы білім басқармасының алқа мәжілісіне қатысып, мектеп директорларымен кездесті.

✅ Алқа мәжілісіне облыс аумағындағы 456 мектептің директорлары, білім бөлімдерінің басшылары, «Дарын» орталығы мен методикалық кабинеттердің жетекшілері қатысты.

✅ Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауыспекқызы өткен оқу жылын қорытындылап, өз саласы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 37 мектептің ұжымы мен 4 аудандық Білім бөлімінің басшыларына марапаттар тапсырды.

Бүгінде Алматы облысындағы мектептерде оқитын 335 мыңдай оқушы бар және биыл 14 мың түлек мектеп бітіріп отыр. Сонымен бірге, 40 колледждің бітірушілері де алдағы өмір жолдарын таңдау үстінде.

✅ Университетіміздің Қабылдау комиссиясының директоры - жауапты хатшы, э.ғ.к., профессор Айнұр Қайырбаева өз сөзінде оқу ордамыз туралы толық ақпарт бере отырып, университет факультеттерінің ерекшеліктері мен жаңалықтарды таныстырды.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын» бекіту туралы 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығына 2024 жылы 02 мамырда түзетулер мен өзгерістер енгізіліп, 14 мамырдан күшіне енгенін атап өтті.

✅ «Енді 2024 жылы мектеп бітірген түлектер ҰБТ тапсыру нәтижесінде оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықтан 3 баллдан кем емес көрсеткіш алса, өздері таңдаған білім беру бағдарламалары топтары бойынша биылғы 13 – 20 шілде аралығында мемлекеттік грантқа конкурсқа өтінім бере алады. Сондай-ақ, егер талапкер ҰБТ-да шекті балл жинай алмай қалған жағдайда шартты оқуға құқығы бар. Шартты оқудағы студентке бір оқу жылы ішінде 5 мәрте ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі және шекті балл жинаса, сол оқу жылы мен курсын жоғалтпай-ақ толыққанды студент қатарына ауыса алады», - деді Айнұр Елтайқызы.

✅ Сөзінің соңында ол мектеп және колледж директорларын оқу бітіруші түлектердің ауыл шаруашылығы мамандығын таңдауына белсенділікпен бағыт-бағдар беруге шақырды.

✅ KazNARU Қабылдау комиссиясы әрбір талапкердің сұрақтары бойынша толық жауап беріп, көмек көрсетуге дайын.

Тел.: +7 (727) 264-06-13

WhatsApp +7 747 264 08 54

e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru

✅ Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник