KazNARU

KazNARU ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫНДА ОҚЫСАҢЫЗ ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕР НЕМЕСЕ СЕРЖАНТ БОЛЫП ШЫҒАСЫЗ

Жоғары оқу орнына түскен әрбір жастың арманы – жан-жақты терең білім алумен қатар, Отан алдындағы борышын өтеуге мүмкіндік беретін әскери мамандықты қоса алып шығу.

✅ Алматы қаласында 35 ЖОО мен 85 колледждің арасында жастарға ондай мүмкіндікті 7 ғана университет бере алады. Солардың бірегейі – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіндегі Әскери кафедра.

✅ Курсанттар кафедрада 9 әскери мамандық бойынша оқытылады. Атап айтқанда: «Қарулы Күштердің жауынгерлік іс-қимылдарын инженерлік қамтамасыз етуді ұйымдастыру»; «Азық-түлік қамтамасыз етуді ұйымдастыру»; «Тамақ өнімдерінің технологиясы және тауартану»; «Ветеринариялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» т.б. мамандықтарды меңгеріп шығады.

✅ Бізге мемлекеттік грантпен түскендер Әскери кафедрада тегін оқиды. Ал, ақылы негізде түскен студенттер белгіленген тариф бойынша төлем жасайды.

✅ Бітіруші түлектер өз қалауы бойынша экономика мен ауыл шаруашылығында ғана емес, әскери салаларда, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінде, Ішкі істер министрлігі мен Прокуратурада да қызмет атқара алады.

✅ Бізбен бірге сапалы білім алып, өздеріңіз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашыңыздар!

Қабылдау комиссиясы әрбір талапкердің сұрақтары бойынша толық жауап беріп, көмек көрсетуге дайын.

Тел.: +7 (727) 264-06-13

WhatsApp +7 747 264 08 54

e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru

✅ Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник