KazNARU

KazNARU БАСШЫЛЫҒЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТНІҢ МАМАНДАРЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 28 маусым «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне» орай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басшылығы Баспасөз қызметінің мамандарын құттықтады. 

✅ KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары Айтжан Абдыров Баспасөз қызметі мамандарының бұқаралық ақпарат құралдарымен жоғары деңгейде жұмыс жүргізіп келе жатқанын және қоғам алдында университеттің оң имиджін қалыптастыру жолында үлкен рөл атқарып отырғанын атап өтті.

✅ «Студенттерге заманауи сапалы білім беруде Қазақстанда алдыңғы 5-ікке енген, Орталық Азияда 6-шы орынды иеленіп, сапалы зерттеу университетінің жаңа деңгейіне көтерілген жетекші оқу ордамыздың тыныс-тіршілігін, рухани өмірін және «ғылым – білім – өндіріс» бағытындағы соңғы жаңалықтарын жедел түрде халыққа жеткізу барысындағы еңбектеріңізді көріп отырмыз. Қалам ұстаған қызметкерлеріміздің таланты мен шеберлігін, азаматтық жауапкершілігін, заманауи жетістіктерін университетіміздің басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы лайықты бағалап, Сіздерді арнайы төсбелгімен және Алғыс хаттармен марапаттап отыр. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!», - деді Айтжан Мұхамеджанұлы.

✅ Университеттің Баспасөз қызметінің жетекшісі, белгілі журналист-жазушы, Қазақстанның Құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеев осының алдында «Ұлттық агралық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басшысының Құрмет грамотасымен марапатталған болатын.

✅ Бүгін Баспасөз қызметінің фото-тілшісі Мамыржан Ботабеков пен жетекші маман Алтын Қалыбай «Айырықша еңбегі үшін» төс белгісімен, маркетолог-маман Әлия Бақтыгереева «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне 90 жыл» төс белгісімен, жетекші теле-оператор Ернар Әзімбаев Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хатымен марапатталды.

✅ Мерекелеріңіз бен марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер! 
Әрқашан шығармашылық биіктерден көріне беріңіздер!

KazNARU Баспасөз күні
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник