KazNARU

KazNARU ҰЖЫМЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

✅ 2024 жылдың 29 маусымында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының және жатақханалар мен оқу ғимараттары меңгерушілері, оқытушылардың қатысуымен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында университет аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

✅ «Жасыл ел» құрамындағы 90-ға жуық білім алушылар мен қызметкерлер өздеріне бөлініп берілген аумақтардағы алаңқайлар мен жол жиектерін тазартып, гүлзарлар мен жасыл желектерді суарып, ғимараттардың айналасының таза болуына атсалысты.

✅ Бұл сенбілікте «Инженерлік-техникалық» факультеттің ұжымы өздерінің №6 оқу ғимаратының аумағын мұнтаздай тазалап, ерекше белсенділікпен көзге түскенін де атай кеткен жөн.

✅ Сондай-ақ, барлық қатысушылар үшін жұмысқа керекті тырма, күрек, сыпыртқы, зембіл. палатка сияқты еңбек құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник