KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАДАН ӨТУДЕ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агробиология» факультетінің «Өсімдік қорғау және карантин» білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқитын 2-ші курс студенттері «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығында өндірістік практикадан өтуде.

✅ 17 маусымнан бастап, жауапты тұлғалардың жетекшілігімен еңбек тәжірибесінен өтіп жүрген білім алушылар үшін барлық әлеуметтік жағдай жасалынған. Арнайы тегін көлік, демалыс бөлмелері, асхана, үш мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылған.

✅ «Бүгінгі таңда еңбек нарығында креативті, жаңаша ойлай білетін, кәсіби дағдысы қалыптасқан мамандар сұранысқа ие екендігі белгілі. Сондықтан, теориялық білім беруді практикалық өндірістік тәжірибемен ұштастыру университетінің басты мақсаты болып табылады. Студент жастардың білім мен ғылымға деген ынтасын оята отырып, өз кәсібін іс жүзінде терең меңгеруге, еңбек сүйгіштікке үйретеміз», - дейді «Агробиология» факультетінің деканы Ержан Абилдаев.

✅ Бүгінде Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылында орналасқан «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығы – агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин т.б. салалар бойынша бакалавр, магистранттар мен докторанттар үшін маңызды тәжірибелік базаға айналды.

Мұнда жеміс-жидек дақылдарының (алма, алмұрт, қара өрік, шие, көкжидек, құлпынай, қарақат, спаржа) 40 түрлі жаңа сорттары өсіріледі. Студенттер өсімдіктерді күту мен өсіруді, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғауды, автоматты жолмен тамшылатып суаруды, заманауи технологияларды қолдануды біліп шығады.

✅ ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ЖАС ТҮЛЕКТЕР!

Егер, сіздер болашақта жоғары стипендия алып, еңбек нарығында нағыз білікті маман болып шығуды армандасаңыздар – KazNARU өздеріңізді күтеді.

✅ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтарына шекті балл – 50.

✅ KazNARU – Алматы қаласындағы студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет.

✅ Қабылдау комиссиясы барлық сауалдарыңызға жауап береді:

Тел.: +7 (727) 264-06-13

WhatsApp +7 747 264 08 54

e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru

✅ Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8

---------Chatbot---------
виртуальный помощник