KazNARU

KazNARU ЖАС ҒАЛЫМЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ СУ ОБЪЕКТІЛЕРІН МОНИТОРИНГІЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРДІ

«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының аccистенті, PhD Оңласын Ұлжан Қуанышбекқызы жуырда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша конкурсқа қатысып, AP22685329 «Цифрлық технологиялар негізінде су объектілерін мониторингілеу технологиясын жетілдіру және суару жүйелерінде суды есепке алу үшін қашықтан басқару құрылғысын әзірлеу» атты жобасы арқылы гранттық қаржыландыру иегері атанды.

✅ Бүгінде Қазақстанның 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін екендігі айтылуда. Қазірдің өзінде еліміздегі таза ауыз су тапшылығы қатты сезіледі.

✅ Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын ұтымды пайдалану, қорғау және инновациялық жаңалықтарды енгізуге бағытталған бағдарламаларды жеделдетіп қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл бағыттағы шараларды жүзеге асыру 2023 жылдың 1 қыркүйегінде «Су ресурстары және ирригация» министрлігін құрудан басталды.

✅ Сонымен қатар, Президент агроөнеркәсіптік сектордың су саласы үшін сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін мықты базалық жоғары оқу орнын анықтау бойынша нақты міндеттер қойған болатын.

✅ Бұл маңызды тапсырманы жүзеге асыру барысында KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректор Ақылбек Күрішбаев пен «ТИАШМИИ» ҒЗУ Ректоры Баходир Мирзаев бірнеше рет кездесіп, қазіргі уақытта Алматыда су шаруашылығы мамандарын бірлесіп даярлау жөніндегі филиал нысанының құрылысы жүріп жатыр. Алдағы жаңа оқу жылында филиалға алғашқы студенттер қабылданады.

Қос университет ұжымы білім берумен қатар, су ресурстарын басқару, суды пайдалану, мелиорация және жерді рекультивациялау саласында бірлескен ғылыми жобалар әзірлеуді де қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл үшін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми кадрлық әлеуеті жеткілікті.

✅ Студенттерге білім берумен қатар, ғылымның және өндірістің су шаруашылығындағы инновацияларға негізделген технологияларын іздеу және енгізу саласында көзге түсіп жүрген жас ғалымның бірі – «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының аccистенті, PhD Оңласын Ұлжан Қуанышбекқызы.

Ол жуырда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша конкурсқа қатысып, AP22685329 «Цифрлық технологиялар негізінде су объектілерін мониторингілеу технологиясын жетілдіру және суару жүйелерінде суды есепке алу үшін қашықтан басқару құрылғысын әзірлеу» атты жобасы арқылы гранттық қаржыландыру иегері атанды.

✅ Ұлжан Қуанышбекқызы 2023 жылы 6D080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды. 2020 жылдан бері аталған кафедрада жұмыс атқарып келеді.

Негізгі мамандандырылған бағыты – Су ресурстарын пайдалану, суғару жүйелерін цифрландыру, су ресурстарын басқару, мелиоративтік жүйелерді пайдалану.

2015 жылы Варшавадағы Warsaw University of Life Sciences – SGGW университетінде (Польша), 2019 жылы Литва Каунас-Академиясы, Витаутас Магнус университеті «Су инженериясы» кафедрасында тағылымдамадан өтіп қайтты.

2021-2023 жылдарға арналған «Суарудың жаңа жерлерін енгізу, қолданыстағы суару жүйелерін реконструкциялау және жаңғырту кезіндегі суарудың технологиялары мен техникалық құралдары» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған жоба орындаушысы болды.

✅ Жаңа жобаның негізгі мақсаты: Суару каналдарында суды есепке алу үшін қашықтан басқару құрылғысын әзірлеу.

✅ Жобадан күтілетін нәтижелер: Цифрлық технологиялар негізінде су объектілерін мониторингілеу.

KazNARU Баспасөз қызметі.

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник