KazNARU

KazNARU-дың ЖАС МАМАНДАРЫ ДИПЛОМ АЛДЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Агробиология» факультетінің түлектеріне Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті, академик Ақылбек Күрішбаевтың атынан оқу ордасының Дипломдары мен Алғыс хаттары тапсырылды.

✅ «Агробиология» факультетінде биыл бакалавриат бойынша 7 білім беру бағдарламасында 87 түлек бітіріп, оның ішінде, 19-ы үздік диплом алып шықты.

✅ KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д. Пірімқұл Ибрагимов біздің студенттеріміз дүние жүзіне танымал, жетекші жоғары оқу орындарында екі дипломдық бағдарлама бойынша білім алатынын атап өтті.

✅ Олардың алдыңғы қатарында – Малайзияның Паханг университеті, Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті, Литва денсаулық ғылымдары университеті, Америкалық Эмират университеті, Вайнштефан-Триздорф Университеті бар.

✅ Құрметті талапкерлер! Бізбен бірге жоғары стипендия алып, екі дипломды білікті маман атанғыңыз келсе, сіздерді KazNARU күтеді.

✅ Келіңіздер! Өздеріңіз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашыңыздар!

✅ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру бағдарламалары үшін шекті балл – 50.

✅ KazNARU Алматыдағы студенттерін 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз еткен жалғыз оқу ордасы.

✅ Қабылдау комиссиясы көмек көрсетуге дайын.

Тел.: +7 (727) 264-06-13

WhatsApp +7 747 264 08 54

e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru

✅ Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник