KazNARU

МАЛАЙЗИЯНЫҢ ПАХАНГ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІНЕ KazNARU ДИПЛОМЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

2024 жылғы 03 шілдеде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Акт залында «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің 186 түлегіне салтанатты түрде дипломдар табысталды. Оның ішінде 31 жас маманға қызыл дипломдар берілді.

Жас мамандар 6В05102 – «Биотехнология», 6В07112 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 6В07207 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 6В07208 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы», 6В07501 – «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)», 6В08201 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламаларын бітіріп шығып, өмірге жолдама алды.

✅ KazNARU-ды бітірушілер қатарында екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша 6В05102 – «Биотехнология» мамандығын аяқтаған Малайзия мемлекетінің Паханг университетінің студенті Лим Йео Хон да бар.

✅ Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында Паханг университетінде 6В05102 – «Биотехнология» бойынша оқыған «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің студенттері Жания Серікова мен Данил Акшимбаев та екі диплом алу бақытына ие болды.

✅ Салтанатты іс-шарада KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің тарихы тым әріден, 1929 жылы Алматы зооветеринарлық институтының «Зоотехникалық» факультеті ретінде құрылған кезден басталатынын еске салып өтті.

✅ Қазіргі таңда факультетте «Зооинженерия», «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» бейінді кафедраларында агроөнеркәсіп кешенінің ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу саласына (бакалавриат, магистратура және докторантура) БББ бойынша жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярланады. Факультетте 2 ҚР ҰҒА академигі, 1 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 16 ғылым докторы, 19 ғылым кандидаты, 6 философия докторы (PhD) қызмет атқарады.

✅ Диплом тапсыру рәсіміне университет басшылары, факультет декандарығ кафечдра меңгерушілері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы, бітіруші түлектер мен ата-аналар қатысты.

✅ Паханг университетін қоса бітірген Жания Серікова мен қызыл диплом игері Нағашбек Ықылас бітірушілер атынан университеттің басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлына және барша ұстаздарға сапалы білім беріп, шет елдік ЖОО-ларда оқытуға мүмкіндік жасағандары үшін алғыстарын білдірді және талапкерлерді KazNARU-да оқуға шақырды.

✅ Диплом алған барлық түлектерді қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа өмір жолында кәсіби табыстар тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник