KazNARU

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДА ӘДІЛЕТТІ ЗАҢГЕРЛЕР ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

✅  Қазақ ұлттық агралық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» Жоғары мектебін 209 жас маман, оның ішінде 31 түлек ерекше үздік нұсқадағы дипломмен аяқтап отыр.

✅  Факультет тарихы 1963 жылы құрылған «Экономика» факультетінен бастау алады. Бүгінгі таңда оның құрамында Х.Д.Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру», «Есеп, аудит және қаржы», «Құқық» сияқты үш кафедра бар. Ғылыми ортаға белгілі 1 ҚР АШҒА академигі, 6 ғылым докторы, 27 ғылым кандидаты, 2 РһD докторы қызмет атқарады.

✅ Факультет нарықтық экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім, ғылым мен практиканың тығыз интеграциясы негізінде бакалавриатта 9, магистратурада 8 және PhD докторантура бойынша 1 білім беру бағдарламалары аясында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлайды. 

✅ Біздің мамандар мемлекеттік басқару құрылымдарында, құқық қорғау органдарында, экономика, менеджмент, қаржы, ақша айналымы және түрлі корпорацияларда, шаруашылық жүргізу субъектілерінде, ғылыми зерттеу мекемелерінде, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру салаларында абыройлы еңбек етіп жүр. Биыл да «Бизнес және құқық» Жоғары мектебін 209 жас маман, оның ішінде 31  түлек ерекше үздік нұсқадағы дипломмен аяқтап отыр.

✅   Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д. Пірімқұл Ибрагимов факультет түлектерін оқу ордасының басшысы атынани құттықтап, Дипломдар мен Алғыс хаттар тапсыра отырып, алдағы уақытта сәт сапар тіледі.

✅  Салтанатты іс-шарада проректорлар мен декандар, ата-аналар мен бітіруші түлектер мерекелік құттықтаулар жолдап, эстрада әншлерінің қатысуымен ән-жырдан шашу шашылды.

✅ Диплом алған барлық түлектерді қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа өмір жолында кәсіби табыстар тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник