KazNARU

KazNARU БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҚЫТАЙДЫҢ ШЫХЫЦЗЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Халықаралық жазғы мектеп – 2024» дәрістері кең көлемде ұйымдастырылған болатын. Оған АҚШ, Қытай, Малайзия, Германия, Польша, Румыния, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты алыс-жақын 17 шет елден 400-ден астам білім алушылар оффлайн және онлайн режимде қатысты.

✅ Осындай  «Халықаралық жазғы мектеп – 2024» сабақтары Қытай Халық Республикасының Шыхыцзы университетінде өтіп жатыр. Халықаралық мектептің басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласына сапалы мамандар даярлау үшін жаңа білім беру мен практикалық дағдыларды, инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемелерін үйрету.

✅ Шыхыцзы университетінің және шетелдік профессор ғалымдардың жетекшілігімен өтіп жатқан Халықаралық хазғы мектепте KazNARU университетінің оқытушысы, п.ғ.к Скабаева Гүлмира Несіпбайқызы бастаған бір топ білім алушыларымыз белсенді қатысуда. Атап айтқанда, Аманжолұлы Сержан, Заманхан Шоқан, Дүйсенбай Азамат, Ахметова Айгерім, Айтжанова Таңшолпан, Әтімбетова Аружан (Ветеринария факультеті), Болатбекова Аяжан, Тілеухан Айгерім, Кусильбаева Русалина (Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы факультеті), Қасымов Аслан (Агробиология факультеті), Тілеухан Олжас (Бизнес және құқық жоғарғы мектебі) сынды студенттеріміз өз білімдерін шыңдауда, сонымен қатар Қытай мәдениетімен танысуда.

✅ Шыхэцзы университеті (қыт. 石河子大学; қаз. Шихэцзы Дашүэ) – Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Шихэцзы қаласында орналасқан. Жоғарғы оқу орнының негізі 1949 жылы медициналық училище ретінде қаланған. 1996 жылы Шыхэцзы медициналық институты, Шыхэцзы аграрлық институты, Экономикалық даярлық училищесі және Педагогикалық даярлық училищесінің бірігуімен Шихэцзы университеті құрылды. 2006 жылы аталмыш университет ҚХР-дың үздік аграрлық университеттері арасында 8 орынды иеленді. Қазіргі таңда Шыхэцзы университеті ҚХР Білім және ғылым министрлігі және Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы үкіметінің қолдауымен басқарылады. 22 факультеттен тұратын оөу ордасында 31 мыңнан аса студент оқиды. Оның 22 мыңы бакалавриаттар. 

✅ Шихэцзы университетінің Халықаралық қатынастары бөлімі қазақстандық білім алушыларды жылы шыраймен қарсы алды. Студенттерді жайлы жатақханаға орналастырып, жақсы жағдай жасалды. 

✅ Шихэцзы университетінің профессорлары Хэ Гаумиң, Пи Вэньхуэй, Ли Вэйхуа, Цзя Синь, асситент-оқытушылар Вань Цзи, Хан Цзылун, Мао Юнюнь сияқты танымал ғалымдардың бейінді бағыттағы сабақтарын дәріске қатысушылар қызыға тыңдауда. 

Олар «Ауыл шаруашылығындағы смарт-технологиялар», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Жануарларға арналған вакцина жасау өндірісі», «Ауыл шаруашылығындағы заманауи ақпараттық технологиялар», «Тағам өндірісіндегі заманауи қауіпсіздік стандарттары», «Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған құрама жемдерді даярлау» т.б. тақырыптарды қамтитын теориялық және тәжірибелік сабақтарға қатысып, озық технологиялардың жетістіктерімен танысты. 

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник