АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ҚХР ЛАНЬЧЖОУ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ АҚЫЛДЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛУЫ ӨТТІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ҚХР ЛАНЬЧЖОУ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ АҚЫЛДЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛУЫ ӨТТІ, деп хабарлайды 24 KZ.
2024 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келіссөздер қорытындысы бойынша 30-ға жуық, соның ішінде, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен ҚХР Ланьчжоу университеті арасында «Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығын» бірлесе құру туралы Келісімге қол қойылған болатын.
Осы келісім аясында 2024 жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласында ҚазҰАЗУ Бас ғимаратында Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығы ашылды.
Іс-шараға ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов, Ланьчжоу Университеті делегациясының жетекшісі, партия комитетінің хатшысы Ма Сяоцзе, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының Бас консулы Цзян Вэй, проректорлар мен декандар, ғылыми-зерттеу институттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
https://www.youtube.com/watch?v=uYN92wMMcfk
24 kz.