KazNARU

ҚҰРМЕТТІ АБИТУРИЕНТТЕР!

ӨЗБЕКСТАН «ТИАШМИИ» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КазNARU БАЗАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ

✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіптік секторды дамытудың басым бағыттарын айқындай отырып, сұранысқа ие су шаруашылығы мамандарын даярлау үшін күшті базалық жоғары оқу орнын анықтау жөнінде нақты міндеттер қойған болатын.

✅ Осыған орай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ҒЗУ филиалын ашу бойынша КазNARU Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев пен «ТИАШМИИ» ҒЗУ Ректоры Баходир Мирзаевтың қатысумен ынтымақтастық туралы Шарт қабылданып, бірлескен «Жол картасы» рәсімделді.

✅ Бұл маңызды құжат, «Жол картасы» Өзбекстан Республикасының Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан бекітілді.

✅ Нәтижесінде, 2024 жылдың 14 мамырында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ғылыми зертету университетінің филиалын құру туралы бұйрыққа қол қойды.

✅ Министрдің бұйрығына сәйкес, қазіргі уақытта «ТИАШМИИ» ҒЗУ Алматыдағы филиалына 2024-25 оқу жылына «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер қабылдау жүріп жатыр.

✅ Еске сала кетейік, келісімшарт аясында КазNARU-дың 15 студенті биыл «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша Ташкентте бакалавриатта оқып қайтты.

✅ Енді агросектор саласында жаңа инновациялық технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті екі дипломды су шаруашылығы мамандарын даярлау 2+2 принципімен жүзеге асырылады. Яғни, студент екі жыл КазNARU-да, екі жыл Филиалда төмендегідей білім бағдарламасымен оқиды.

• «6B08604 – Су шаруашылығы және мелиорация»

• «7M08610 – Су ресурстарын кешенді пайдалану және басқару»

• «8d08607 – Мелиорация және суармалы егіншілік».

✅ Келіңіздер! Болашаққа қадамды жаңа филиалдан бастаңыздар!

✅ Қабылдау комиссиясы әрбір талапкерге толық ақпарат беріп, көмек көрсетуге дайын.

Тел.: +7 (727) 264-06-13

WhatsApp +7 747 264 08 54

e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru

✅ Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8

КазNARU Баспасөз қызметі