KazNARU

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ШАВКАТ МИРЗИЁЕВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АҚОРДАДА...

✅ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ШАВКАТ МИРЗИЁЕВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АҚОРДАДА БЕЙНЕБАЙЛАНЫС РЕЖИМІНДЕ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА «ТАШКЕНТ ИРРИГАЦИЯ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ИНЖЕНЕРЛЕРІ ИНСТИТУТЫ» ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛИАЛЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ.

✅ Мемлекеттер басшыларына жаңа филиалдың қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.

✅ Шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Өзбекстанның Білім министрі Конгратбай Шарипов екі елдің ғылым-білім саласындағы ынтымақтастығы жөнінде баяндама жасады.

✅ Бұдан кейін екі елдің Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев университеттер филиалын ашуға рұқсат берді.

✅ Өңірдегі су саласы үшін сұранысқа ие және бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлайтын, инновациялық технологияларды әзірлеуге, жоғары оқу орындарының ғылыми рейтингін арттыруға, Орта Азиядағы су ресурстарын басқару мен қауіпсіздігін нығайтуға жаңа серпін беретін жаңа Филиал құтты болсын!

 

КазNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник