KazNARU

Адамзаттың ұлы ақыны, кемеңгер ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні

Абай Құнанбайұлы:

«ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА»

✅ Бүгін адамзаттың ұлы ақыны, кемеңгер ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн – Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген ерекше қастерлі күн.

✅ Осыған орай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жастары ұйымдастырған мерекелік іс-шара жылдағы дәстүр бойынша Абай ескерткішінің алдында болып өтті.

✅ Ұлы ақынның ғасырлар қойнауынан күмбірлеген үні адамгершілік, ізгілік, парасаттылық, еңбексүйгіштік пен білімге шақырып, қазақ аспанында мәңгілік жаңғыра бермек.

✅ Руханиятымыздың алтын тұғыры Абай күні құтты болсын!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник