KazNARU

KazNARU СТУДЕНТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Бүгін – Халықаралық жастар күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен жастар ісі бойынша министрлердің Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен.

✅ Жастар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері болып табылады, заманның жаңа келбетін қалыптастырады.

Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ, - дейтін жыр жолдары жастардың өмірдегі орны мен бастамашыл күішн айғақтайды.

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студент жастары да әрқашан алғы шепте жүріп, еліміздің қоғамдық өмірінде белсенді болуға, өзге замандастарына үлгі көрсептуге әрқашан да дайын.

Білім алушылардың жақсы оқып, ғылыммен, өнермен, спортпен шұғылдануына университет басшылығы барлық әлеуметтік жағдайды жасағанын жастардың өзі де біледі. Жайлы жатақхана, заманауи оқу ғимараттары Қазақстандағы ең үздік ЖОО атануға мүмкіндік берді.

✅ Осындай заманауи университетте оқып, қоғамдық-мәдени іс-шараларға, ғылыми бағдарламалар мен экологиялық акцияларға белсене қатысқан оқу озаттары, волонтерлар және спорттық жарыстарда, шығармашылық сайыстарда, КВН ойындарында жеңімпаз атанған үздіктер, жаз бойы «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы құрамында болып, жатақхана, оқу ғимараттарын жөндеуге қатысып, университет аумағын көгалдандырумен айналысқан белсенділеріз де аз емес.

✅ Сондай 50 белсенді студент осы жылдың 5-10 тамызы аралығында университет басшылығының қолдауымен Ыстық көл аймағында керемет демалыс күндерін өткізіп қайтты.

✅ «Мен былтырғы жылы бірінші курсқа қабылданған кезде осындағы белсенді студенттер туралы жиі есітіп, өзім де солардың қатарынан көрінгім келген. Сондықтан жыл бойы мәдени іс-шараларды, экологиялық акцияларды ұйымдастырға ұдайы белсенді қатыстым. Міне, осының нәтижесінде «Ыстық көлге» тегін жолдамамен демалып келу бақыты бұйырды. Менімен бірге ата-анам да ерекше қуанды. Осындай мүмкіндік берген университетімдің басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлына барша құрбыларымның атынан ризашылығымызды жеткіземін!», - дейді «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің 2 курс студенті, волонтер Ділнәз Уәли.

✅ Халықаралық жастар күні құтты болсын!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник