KazNARU

АГРОӨНДІРІС КЕШЕНІНДЕГІ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев «Қазақстан-Герман аграрлық саяси диалогы» ұйымының жетекшісі Ольга Хангермен кездесті.

✅Кездесу барысында агроөнеркәсіптік кешендегі ғылымды, практиканы және өнеркәсіпті дамытуға арналған ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

✅ Ақылбек Күрішбаев бұл саланың өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін ауыл шаруашылығына цифрлық және жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ғылыми әзірлемелер мен оларды практикалық қолдану аграрлық саладағы жаңғыртуда шешуші рөл атқаратынына ерекше тоқталды.

✅ Өзара әңгімеде ғылыми және зерттеу жобалары аясындағы халықаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Ольга Хангер «Қазақстан-Герман аграрлық саяси диалогы» ұйымы қазақстандық және неміс ғалымдары арасында тәжірибе мен білім алмасу платформаларын құра отырып, осындай бастамаларды белсенді қолдайтынына сендірді.

✅Сонымен қатар, тараптар екі елдің университеттері, ғылыми орталықтары мен өндірістік кәсіпорындары арасындағы байланыстар мен өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған аграрлық саладағы халықаралық желілер құру мәселесін талқылады.

✅ Кездесу аясында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамыту үшін озық тәжірибе мен инновацияларды пайдалануға мүмкіндік беретін бірлескен жобаларды іске асырудың нақты қадамдары қарастырылды.

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник