KazNARU мен МАЙНДАҒЫ ГЁТЕ АТЫНДАҒЫ ФРАНКФУРТ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы -Ректоры, ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев Майндағы Гете атындағы Франкфурт университетінің ректоры, профессор Энрико Шлейффпен кездесті.
✅ 1914 жылы негізі қаланған Гете университеті физикалық география, археология, фармакология және жалпы медицина, философия, әлеуметтік ғылымдар және лингвистика саласындағы бай тарихымен танымал. Сонымен қатар, мұнда әлеуметтік ғылымдар мен инженерия, Жер туралы ғылымдар және океанология салалары басымдыққа ие.
✅ Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, екі университет арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
✅ «Халықаралық ынтымақтастық KazNARU қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады және біз Майндағы Гете атындағы Франкфурт университетімен студенттерді инженерия саласында оқыту бойынша ынтымақтастыққа мүдделіміз. Бұл бағыттағы әріптестік білім беру мен инновациялық тәжірибелермен алмасуға айтарлықтай үміт артамыз, бұл ғылым мен технологиялардың дамуына маңызды үлес қосады деп ойлаймыз», - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.
✅ Өз кезегінде профессор Энрико Шлейфф KazNARU-мен ынтымақтастықты дамыту бойынша әріптестік қатынастарды тереңдетуді қолдады және АӨК үшін бәсекеге қабілетті кадрлар мен ғылыми әзірлемелерді бірлесіп дайындауға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
✅ Сондай-ақ, Қазақстан мен Германияның студенттері мен жас ғалымдарына бірегей тәжірибе алмасуға, жаңа білім беру әдістері мен мәдениеттерін зерделеуге мүмкіндік беретін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын енгізу мүмкіндігі талқыланды, бұл қадам білім алушылардың академиялық және кәсіби даярлығын айтарлықтай байытады.
✅ Кездесу барысында Ақылбек Күрішбаев республикалық «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Отандық ғылымды қайта жүктеу: неден бастау керек?» атты мақаласының мазмұнымен бөлісті, бұл жарияланым профессор Шлейффтің қызығушылығын тудырды. Аталмыш мақалада ғылымды дамытудың басымдықтарын ұйымдастырудың жаңа тұжырымдамалық тәсілдері ұсынылған, бұл ғылым мен оны қолданысқа енгізу байланысын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мақалада кадрларды даярлау, ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті ұштастыру үшін ең оңтайлы орта ретінде университеттерге перспективалық басымдықтар беру ұсынылған.
✅ Тараптар бұл кездесу жоғары оқу орындары арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретініне сенім білдірді.
KazNARU баспасөз қызметі